Жас мұғалімдерге арналған семинар
26.12.2023 ж. «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінде Академиялық комитеттің ұйымдастыруымен жас мұғалімдерге "Оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және шығару тәртібі туралы" семинар өткізілді. Жас мамандарға мұндай семинарды өткізудің мақсаты оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша тәжірибелік көмек көрсету, кәсіби деңгейін жетілдіру. Академиялық комитет төрайымы Искакова Қоңырша Мырзашевна жас мұғалімдерге факультеттің академиялық комитет мүшелерін таныстырып, Оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік материалдарды дайындаудың негізгі ережелеріне шолу жасады. Академиялық комитет хатшысы Искакова Жанат Абдуллаевна оқу құралдарын, оқулықтарды және Оқу ағарту министрлігінң грифімен оқулық шығару алгоритмімен таныстырды, сондай-ақ, оқулықтардың құрылымына және бейнедәрістердің сапасы мен оқылуына қойылатын талаптарға жеке тоқталып өтті. Семинар барысында факультеттің профессорлары Құлатаев Бейбіт Турганбекович, Дүйсенбекова Оразкүл Оспановна жас мұғалімдермен оқулық, оқу құралдарын шығарған тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін берді. Мұндай оқу-әдістемелік жұмыстарды жас мамандарға үйрету кәсіби деңгейін жетілдіру факультет ұжымының біліктілігін арттырудың басым бағыты болып табылады.