KazNARU

ҚазҰАЗУ ҮШІН БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ ЖЕТІСТІГІ МОЛ БОЛДЫ

ҚР Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор  Ақылбек  Күрішбаев  2023 жылы атқарылған жұмыстарды қортындылап, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге Алғыс хаттар тапсыра отырып, ұжымды алдағы Жаңа Жылмен салтанатты түрде құттықтады.

✅ «Өткен жыл еліміз үшін де, біздің ұйымшыл ұжымымыз үшін де берекелі, мерекелі, жетістігі мол қуанышты күндерімен есте қалды. Қара шаңырағымыз ҚазҰАЗУ ағымдағы жылды табысты аяқтады. Нәтижесінде «QS World University Rankings: Asia 2024» әлемдік рейтингісінде Орталық Азиялық жоғары оқу орындары арасында 6-орынды, QS Quacquarelli Symonds жоғары білім саласындағы жаһандық талдау агенттігі рейтингісінде еліміздегі ең үздік ЖОО арасында 5-орынды иеленді. Отандық білім мен ғылымының дамуына біздің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріміз де сүбелі үлес қосып келеді. Баршаңызға университет Басқармасы атынан үлкен алғыс білдіремін», - деді өз құттықтауында университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.

✅  Биылғы 26 тамызда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыға келген жұмыс сапары аясында университетімізде болып, оқу ордасының инфрақұрылымдарындағы жасалған нәтижелі жұмыстарға оң бағасын берген болатын. Министр күні кеше өзінің ресми парақшасында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен Алматыдағы бірден-бір оқу орны атанып отыр» деп тағы да атап өтті. 

✅ Өткен жұмада күрделі жөндеуден өткен №3 студенттік жатақхана мен Орталық стадионның ашылуына арнайы келген республикалық және қалалық БАҚ өкілдері («Хабар», «Қазақстан», «Алматы» телеарналары, Қазақ радиосы мен «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Заң», «Qazaq», «Алматы ақшамы» газеттерінің) тілшілері де оқу ордамыздың бәсекеге қабілеттілігі мен интеллектуалдық әлеуетінің күн санап артып, жүйелі дамып келе жатқанынын қоғамға сүйіншілеп жеткізді.

✅ Ағымдағы жылдың тағы бір үлкен жаңалғы – ҚазҰАЗУ құрамына 6 ірі ҒЗИ мен бір тәжірибелік шаруашылық беріліп, әлемдік озық ЖОО-лардағы үрдістерге сәйкес, «ғылым – білім – өндіріс»  жүйесі енгізілді.  

Сонымен қатар, ҚазҰАЗУ ғалымдары Францияның AgroParisTech университетімен арадағы Меморандум аясында бірлесе отырып, фундаменталды пәндер (STEM) бойынша силлабус әзірледі.

Жаңа оқу жылында ҚазҰАЗУ базасында «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының» филалын ашу жұмыстары қолға алынды. 

Варшава Жаратылыстану ғылымдары университетімен (Польша), Қытай ауылшаруашылығы университетімен, Литва денсаулық ғылымдары университетімен екі дипломдық білім беру ісі жүзеге асырылуда.

✅ Нәтижесінде 2023 жылдың 22 желтоқсанында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен бір топ қазақстандық, оның ішінде ҚазҰАЗУ-дың 16 оқытушысы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін болады. Бір жас қызметкеріміз Қазақстандағы «2023 жылдың үздік жас ғалымы» атанды. Басқа да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер аз емес.

✅ Жуырда, 25 желтоқсанда кезекті Ғылыми кеңес отырысында жаңғырған  оқу орны – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жаңа логотипі қабылданды.

«Сіздермен бірге алдағы уақытта да бәріміз бірлесе отырып, іргелі оқу орнымыздың әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті атануы үшін бар күш-жігерімізді арнай беретінімізге сенемін. Жаңа Жыл құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға құт-береке, тамаша көңіл-күй, қызметтеріңізге табыс, жаңа жетістіктер тілеймін!», - деді Ақылбек Қажығұлұлы.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник