ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕН – «БОЛАШАҚҚА» ЖОЛ!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Қазір әлем жыл сайын емес, күн сайын өзгеріп жатыр. Жаңа технологиялар, мамандықтар және салалар пайда болуда. Осындай жағдайда жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және әлемдік озық білімді тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі арта түседі» деген сөзі дәл қазіргі уақыттың талабын білдіріп отыр.
Осы биік талапқа сай келетін ҚазҰАЗУ-дың 16 жас оқытушысы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанған болатын. Олар Европа мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарына тағылымдамадан өтуге дайындалуда.
«Біздер ауылда дүниеге келіп, әлемдік «QS Asia» рейтингісінде үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енген ҚазҰАЗУ қабырғасында білім алып, бүгінгі таңда осында қызмет істеп жүргенімізді мақтан тұтамыз. Әлемнің озық оқу орындарында білімімізді шыңдауға мүмкіндік жасап отырған Үкіметіміз бен Университет басшылығына алғысымыз шексіз! Мектеп бітіруші жас түлектерді туған университетімізде білім алуға шақырамыз!» - дейді «Болашақтықтар».
Ия, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін таңдағанда өз болашағыңды таңдайсың!
Ел экономикасының драйвері – агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары Сіздерді табысқа жетелейді!
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі