KazNARU

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – әлемдік «QS Asia» рейтингісінде үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енген, ол Орталық Азия бойынша 6 орында тұр, ал «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орынға көтерілді.

Университет агроөнеркәсіптік кешен, экология, табиғат ресурстарын пайдалану, IТ-технология, энергетика, логистика, бизнес және басқару салалары үшін жоғары білікті мамандар дайындайды.

Біздің негізгі әріптестеріміз: Вагенинген университеті (Голландия), АгроПарижТех( Франция), Небраска (США).

Біздің студенттеріміз Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Малайзияның Паханг университеті, Литва денсаулық ғылымдары университеті, Эмираттағы Американдық Университет, Вайенштефан-Триздорф қолданбалы ғылымдар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындарында қатар оқу арқылы халықаралық стандарттық үлгідегі Екі диплом алу мүмкіндігіне ие.

Өз құрамындағы  жетекші 5 ғылыми-зерттеу институты мен тәжірибелік шаруашылықта дуалды білім беруді жүзеге асырған бірегей зерттеу  университеті.

Әскери кафедрада запастағы офицерлер мен сержанттар даярланады.

Заманауи үлгідегі спорт кешені сіздерге арналған.

Студенттерін жатақханада орынмен толық қамтамасыз еткен Алматы қаласындағы жалғыз университет. 

Студенттерді әлеуметтік-тұрмыстық қолдау үшін әлеуметтік дүкен, медициналық орталық және дәріхана жұмыс істейді.

Қазақстан тарихында екінші болып ашылған жоғары оқу орны. Алматының төрінде орналасқан университет.

Біздің білім беру бағдарламасын таңдағанда болашағыңды таңдайсың! 

Ел экономикасының драйвері – агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары  Сіздерді табысқа жетелейді!

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник