KazNARU

ҚазNARU СТУДЕНТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫТАЙ ТІЛІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Қытай Халық Республикасынан сүйншілеген тамаша бір жаңалық келіп жетті. 

✅ Қазақ ұлттық аграрлық  зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 6В05102 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Жания СЕРІКОВА қытай тілін меңгеру бойынша дүниежүзілік байқаудың жеңімпазы атанды.

✅ Көршілес Қытай мемлекетінде студенттерге терең білім берумен қатар, өзге елдердің жастары үшін қытай тілін насихаттау, меңгеру бағытында түрлі халықаралық шаралар, білім жарыстары жиі ұйымдастырылып тұрады.
Өткен 2023 жылы шетелдік студенттерге арналған – 22-ші «Қытай көпірі», шетелдік орта мектеп оқушылары үшін – 16-шы «Қытай көпірі» және шетелдік бастауыш мектеп оқушылары үшін – 3-ші «Қытай көпірі» атты дүниежүзілік байқауы өткізілген болатын. 

✅ Байқаудың іріктеу сынында әлемнің озық ЖОО-ларымен қатар, қазақстандық жетекші жоғары оқу орындарының білім алушылары да қатысып, бақ сынасқан болатын. Өте сауатты баяндама жасап және қытайша рэп орындаған Жания Серікова студенттер арасындағы республикалық біріншіліктің жеңімпазы атанды. Сөйтіп ол 22-ші «Қытай көпірі»  байқауының жаһандық финалына Қазақстан атынан қатысты. Жаңа Жыл қарсаңында сол халықаралық тіл байқауының қортындысы хабарланды. 

✅ Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл байқауда студенттер арасындағы бәсекелестік өте тартысты және ерекше болды. Европа, Орта Азия, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Малайзия сияқты жүзден аса мемлекеттің талантты жастары қатысқан сайыста қытайша сауатты сөйлеу мен сауатты жазу басты талаптың бірі болды. Сондай-ақ, қытай халқының мәдениеті, тарихы, ғылымы мен географиясы туралы жан-жақты білу де байқау шартына енгізілген. 

✅ Қазақ ұлттық аграрлық  зерттеу университетінің “Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы" факультетінің 6В05102 - "Биотехнология" білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Жания Серікова қытай тілін терең меңгергендігімен көзге түсті. Аталған 22-ші «Қытай көпірі» жаһандық жарыста Жәния Серікова әлем бойынша үздік 30-дыққа енді. 

Қазіргі уақытта Жәния Серікова UMPSA-KazNARU «Bachelor of Applied Science in Biotechnology Industry with Honours» екі дипломды білім беру бағдарламасының негізінде Малайзияның Куантан қаласындағы Паханг университетінде білімін жетілдіруде.

✅ Университетіміздің абыройын әлемдік деңгейде танытып, отандық қазақ жастарының мерейін тасытқан белсенді студентіміз Жәния Серікованы кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Алға, ҚазNARU жастары!

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник