KazNARU

ҚазNARU СТУДЕНТІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫТАЙ ТІЛІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

💠Қазақ ұлттық аграрлық  зерттеу университетінің «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің 6В05102 – «Биотехнология» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Жания СЕРІКОВА қытай тілін меңгеру бойынша дүниежүзілік байқаудың жеңімпазы атанды.

💠Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бұл байқауда студенттер арасындағы бәсекелестік өте тартысты және ерекше болды. Европа, Орта Азия, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Малайзия сияқты жүзден аса мемлекеттің талантты жастары қатысқан.

💚Қазіргі уақытта Жәния Серікова UMPSA-KazNARU «Bachelor of Applied Science in Biotechnology Industry with Honours» екі дипломды білім беру бағдарламасының негізінде Малайзияның Куантан қаласындағы Паханг университетінде білімін жетілдіруде.

💠Университетіміздің абыройын әлемдік деңгейде танытып, отандық қазақ жастарының мерейін тасытқан белсенді студентіміз Жәния Серікованы кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Алға, ҚазNARU жастары!

#вуз #универ #лучшевсех #казнару #казнаручнойработы #үздік #үздіквуз #рек #рекомендации #интересное


 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник