KazNARU

ҚазNARU ҰЖЫМЫ ӨЗ ӘРІПТЕСІН ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасы – Ректордың инфрақұрылымдарды дамыту мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлының туған күніне орай, университет басшылығы ұжым атынан жылы лебіз білдіріп, Алғыс хат тапсырды.

✅ «Біз Сізді белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы мен басқару саласындағы ұйымдастырушылық қабілетімен және іскерлік талантымен көпшілікке танылған ізгі жүректі сыйлас, азамат тұлға ретінде құрметтейміз. Университетіміздің жаңа заман талабына сай дамуы, инфрақұрылымдардың, оның ішінде оқу ғимараттары мен жатақханалардың жаңғырып жаңаруы, білім алушылардың алаңсыз оқу оқып, жайлы баспаналарда тұруы, бос уақыттарында спортпен шұғылданып, дем алуы сияқты аса күрделі, жауапты саланы абыроймен басқарып келесіз. Бұл тұрғыда жеткен жетістіктеріңіз аз емес, әлі де береріңіз мол деп сенеміз», - деді өз құттықтауында Университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.

✅ Сұлтанғазиев Қуат Елеусізұлы 95 жылдық шежірелі тарихы бар осы қара шаңырақтың өз түлегі, «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданында Салық басқармасының қатардағы инспекторы, бас инспекторы болып бастаған.

Әр жылдары «Казкоммерцбанк» АҚ Шелек филиалының жетекші менеджері, бөлім басшысы, директордың орынбасары, «БиК Service» және «Vita trans» ЖШС-ларының директоры, «Баттал» шаруа қожалығының жетекшісі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры сияқты түрлі қызметтік баспалдақтардан өткен тәжірибесі мол, білікті маман.

✅ Төл мерекеңіз – туған күніңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да қызметіңізде жаңа жетістіктер тілейміз!

ҚазNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник