KazNARU

KazNARU ДАЙЫНДАЙТЫН АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН МАМАНДЫҚТАРЫ СІЗДЕРДІ ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ!

✅ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ең байырғы «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті – өз тарихын 1929 жылдан бастау алады және заман талабына сай атауы бірнеше рет өзгеріп отырды. Қазіргі таңда факультет құрамына «Зооинженерия» және «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» бейінді кафедралары кіреді.

✅ Бүгінде факультетте 7 білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврда 506 студент, магистратурада 60 білім алушы оқиды. Атап айтқанда:
«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»;  
«Биотехнология»;
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы»; 
«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»;
«Стандарттау және сертификаттау»; 
«Тағам қауіпсіздігі»;
«Технологиялық машиналар және жабдықтар» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар қатары жыл сайын өсіп келеді.

✅ KazNARU-дың өз оқытушыларымен қатар, студенттерге Европаның озық жоғары оқу орындары – Шығыс Финляндия университеті, Венгрияның Әулие Иштван университеті, Эстонияның «Life Sciences (Науки о жизни)» университеті, Малайзияның «Путра» университеті, Польшаның «Варминско-Мазурский» университеті, Түркияның «Ahi Evran» университетінің профессорлары мен ғалымдары арнайы шақыртылып, дәріс оқуы дәстүрге айналған.

✅ KazNARU базасында Малайзияның Паханг университетімен бірге екі дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мысалы, биыл осы факультеттің 4 курс студенттері  Данил Акшимбаев пен Жания Серікова Паханг университетіне бір жылға оқуға аттанса, Малайзиядан екі студент осында келіп оқуда. Жақында Жания Серікова қытай тілін меңгеру бойынша Дүниежүзілік байқаудың жеңімпазы атанды.

✅ Факультет түлектері бәсекеге қабілетті мамандар ретінде инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу саласын жетік меңгеріп, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына, сынақ зертханаларына және сертификаттау органдарына жұмысқа бірден орналасады. Мысалы, «Беккер и К», «Бахус», «Байсерке Агро», «Бірінші сыра зауыты», «Шин-Лайн» ЖШС, РГП «ҚазСтандарт» сияқты  көптеген ірі, танымал кәсіпорындарда жас мамандарымыз абыройлы қызметтер атқаруда.

✅Агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары Сіздерді табысқа жетелейді!

✅Мектеп бітіруші түлектерді «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультеті оқуға шақырады!  

 KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник