KazNARU

«Стандарттау және сертификаттау» тақырыбы бойынша қонақ дәрісі.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің,  Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен "Қазстандарт"РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалы директорының орынбасары техника ғылымдарының кандидаты Мырзагельдиев Ренат Әлішұлы 26 қаңтар 2024 жылы  «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының білімгерлері мен оқытушыларына «ҚР-да стандарттаудың құқықтық негіздерін мемлекеттік тілде қолдау мақсаты» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісте, Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттау жүйесінің тізілімін жүргізуді, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның функциясын іске асыру шеңберінде мемлекеттік және өзге тілдерде стандарттау жөніндегі құжаттарды әзірлеуді (оның ішінде аударуды) қамтамасыз етуді,  техникалық реттеу және стандарттау саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және (немесе) оларға қатысуды,стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, шетелдік ұйымдармен, оның ішінде ақпарат алмасу, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттердің стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында тарату және қолдану жөніндегі ынтымақтастықты;саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етуді; сонымен қатар, ұлттық стандарттау жоспарын қалыптастыру, сондай-ақ оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді айтып өтті. Университет базасында кафедра мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырылған №101 «Азық-түлік қауіпсіздігі, азық-түлік, халал өнімдері және қызметтері» техникалық комитеті жұмыс істейді. Төрағасы биологиялы ғылымдарының докторы, профессор Серикбаева Асия Демеуханқызы. 
Ренат  Әлішұлы – университетіміздің  түлегі.  Еңбек жолындағы жетістіктерімен бөлісті.
Білімгерлеріміз көп мағұлматтар алып, таңдаған  мамандықтарына мақтанышпен қарады.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник