KazNARU БАЗАСЫНДА АГРОКЕШЕНДЕГІ ЖАС МАМАНДАР ҮЛЕСІН АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІКТІҢ БӘРІ БАР
Қазақстан аграрлық мемлекет екені бәрімізге белгілі. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда осы агрокешен саласында креативті, кәсіби дағдысы терең ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығы байқалуда.
Сондықтан, еліміздегі жетекші оқу ордасы саналатын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басты мақсаты – осы агроөндірістік саланы алға апаратын білікті мамандар даярлау болып табылады. Университеттегі сапалы кадр даярлаудың алтын бесігі, ірі құрылымның бірі – «Агробиология» факультеті.
Ең алғаш 1930 жылы «Дәнді дақылдар» деген атпен ашылған бұл факультет аграрлық сектор үшін 32 мыңнан астам аса білікті мамандар даярлап шығарды. Қазіргі уақытта факультетте 3 кафедра бар: «Агрономия, селекция және биотехнология», «Топырақтану, агрохимия және экология», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік қорғау және карантин».
Қызметкерлердің құрамында ҚР ҰҒА-ның 2 академигі, 5 АШҒА академигі, 12 ғылым докторы, 33 ғылым кандидаты, 17 PhD докторлар және магистрлар жұмыс істейді.
«Агробиология» факультетінде биылғы оқу жылында 451 бакалавриат, 57 магистрант және 28 PhD докторанттар білім алуда. Мәселен, бакалавриатта «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», «Өсімдік қорғау және карантин», «Өсімдіктер туралы ғылым және технологиялар», «Экология», «Биоинформатика», «Биоинженерия» білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби дағдыларды меңгерген жоғары білікті мамандар даярланады.
Атап айтқанда:
- Дала дақылдарын өсірудің ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын жасау;
- Топырақ құнарлылығын жоғарылатудың тиімді тәсілдері мен ауылшаруашылық дақылдарының минералдық қоректенуінің қолайлы жағдайларын жасау;
- Жеміс-көкөніс шаруашылығы, жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау және қайта өңдеу;
- Заманауи әдістер, технологиялар және өсімдік қорғау құрылғылары негізінде өсімдік шаруашылығы мен карантиндік өнімдерге жатқызылған ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдеріне экспертиза және фитосанитарлық мониторинг жүргізу;
- Өсімдік селекциясында инновациялық агротехнологияларды және генетикалық, биотехнологиялық әдістерді қолдану т.б. бағыттар аясында білім алып, тәжірибе жинақтап шығады.
Агробиология факультетінің деканы, PhD, қауымдастырылған профессор Ержан Абилдаевтың айтуы бойынша, базасында агрокешендегі жас мамандар үлесін арттыруға мүмкіндіктің бәрі жасалған.
«Болашақ аграномдар университет құрамындағы ҒЗИ-лар мен «Байбұлақ», «Интенсивті бақ» тәжірибелік шаруашылықтарына практикалық дәрістерден өтеді. Мысалы, студентеріміз «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында» болып, бау-бақша өсіру индустриясындағы селекция, питомник шаруашылығы, агротехнология, биотехнология, фитопатология және энтомология саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге қатысты. Студенттер «білім, ғылым, өндірістің» өзара байланысын, бір-біріне әсерін көздерімен көріп, зердесіне тоқып қайтты. Нақты дағдыларды меңгереді», -дейді Ержан Абилдаев.
Сондай-ақ, KazNARU студенттері шет елдерде, Ұлыбританияның халықаралық ІІС Ukraine орталығының Ынтымақтастық келісім-шарты мен білім алушылардың өтініштері негізінде Гленкарс, Ротвелл қалаларында (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі) «Агробиология» факультетінің 4 курс студенттері өндірістік практикадан, ал 2 магистрантт зерттеу практикасынан өтіп келді.
Академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша Венгрияның Геделе қаласындағы «Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары» университетінде 3 курс студенттері Бағди Елиза мен Ізтай Қасымхан білімдерін жетілдіруде.
Еліміздің және туған өлкеміздің аграрлық саласын дамытуды мақсат тұтқан мектеп бітіруші түлектерді университетіміздің «Агробиология» факультеті білім алуға шақырады!
Егер, сіздер KazNARU мен шет елдің озық университеттерінде қатар білім алып, екі дипломға ие болғыларыңыз келсе, әрқашан есігіміз ашық!
Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!
Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыс пен үлкен жетістіктерге бастайды!
KazNARU Баспасөз қызметі