KazNARU ҚАБЫРҒАСЫНДА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚазҰПУ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАДАН ӨТУДЕ
Бұл еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орындары саналатын Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арасында 2024 жылдың 04 қаңтарында өзара келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылып отыр.
✅ Осыған орай, 15 қаңтардан бастап ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының «Практикалық психологты даярлау» мамандығы бойынша 4-ші курс студенттері KazNARU базасында өндірістік практикадан өтуде.
✅ Болашақ психолог мамандар практиканың алғашқы аптасында білікті психолог-оқытушы Ләйлә Бейсембаеваның жетекшілігімен университеттің инфрақұрылымымен, факультеттердің, ғылыми кітапхана мен зертханалардың, студенттік жатақханалардың тыныс-тіршілігімен, психологиялық қолдау қызметімен, тәрбие және әлеуметтік жұмыстардың ерекшелігімен таныса отырып, алдағы өз жоспарларын айқындады.
✅ Практика жоспарында студенттердің тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, түрлі стресске төзімділікті, ұжымдық үйлесімділік пен топ ішілік/аралық қарым-қатынастарды қалыптастыруға бағытталған тренинг жаттығулар, арт-терапия, кәсіби және эмоционалды қажуға жол бермеу, психогигиенаны сақтау, буллинг және кибербуллинг, жастар арасында асоциалды құбылыстардың алдын алу сияқты басқа да тақырыптар бойынша іс-шаралар бекітіліп, білім алушылардың психодиагоностикалық зерттеу жұмысына атсалысу жұмыстары қарастырылған.
✅ Осы жоспар аясында ҚазҰПУ практиканттары KazNARU-дың 1-ші курс студенттерімен бірге «Психологиялық денсаулық», «Кәсіби психологиялық көмек пен достық қолдаудың айырмашылықтары», «Менталды денсаулық ұғымы және биологиялық режимді сақтаудың маңыздылығы» тақырыптарын кешенді түрде қамтитын семинар-тренингке қатысты.
Практикант-студенттер бұл шараға тыңғылықты түрде дайындалып, әрбір тұлғаның жеке әлеуетін ашуға ықпал ететін психологиялық ойындар және әлеуметтік бейімделу дағдыларын дамытуға арналған практикалық жаттығуларды жоғары дәрежеде, қызықты түрде жүргізе білді. Семинарға қатысушылар психологиялық көмектің негіздері, психологиялық денсаулық пен психогигиенаны сақтау жолдарымен танысып, ойындарда белсенділік танытумен қатар өздерін толғандырған сауалдарға толық жауап алды.
✅ Мұндай психологиялық қызықты іс-шаралар студенттерге менталды денсаулыққа назар аударудың маңыздылығын ұғындыра отырып, екі ЖОО жастары арасындағы өзара белсенді іс-қимылды қалыптастыруға, достық, сыйластық қарым-қатынасты нығайтуға тікелей ықпал ететіні анық.
ҚазҰПУ студенттерінің өндірістік практикасы 24 наурызға дейін жалғасады.
KazNARU Баспасөз қызметі