KazNARU

KazNARU «АГРОБИОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРДІ БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ!

✅ Егер, сіздер еліміздің және туған өлкеміздің аграрлық саласын дамытуды мақсат тұтқан босаңыздар, университетімізге келіп, агросаланың білікті маманы атаныңыздар!

✅ Егер, сіздер KazNARU мен шет елдің озық университеттерінде қатар білім алып, екі дипломға ие болғыларыңыз келсе, әрқашан есігіміз ашық!

✅ Сол жасалған мүмкіндіктің арқасында KazNARU студенттері шет елдерде оқып, білімін жетілдіруде. Жақында Ұлыбританияның Гленкарс, Ротвелл қалаларында (Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен Корольдігі) «Агробиология» факультетінің 4 курс студенттері өндірістік практикадан, ал 2 магистрант зерттеу практикасынан өтіп келді.

✅ Академиялық оралымдылық бағдарламасы бойынша Венгрияның Геделе қаласындағы «Венгрия ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары» университетінде 3 курс студенттері Бағди Елиза мен Ізтай Қасымхан білімдерін жетілдіруде.

✅ KazNARU «Asia 2024» әлемдік рейтингісіне Орталық Азиялық жоғары оқу орындары арасында 6-орын, қазақстандық ЖОО арасында ең үздік 5-тің қатарынан көрінді.

✅ KazNARU Алматы қаласында өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет.

✅ Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыс пен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник