KazNARU

KazNARU ҰЖЫМЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

Бүгін сағ. 10.00-де Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен барлық студенттер үшін оқу-профилактикалық мақсаттағы «Жер сілкіну қатері жағдайындағы адамдардың әрекеті» атты сейсмикалық жаттығу болып өтті.

✅ Жаттығуды Алматы қаласының Медеу аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарамасының жоспарынан тыс KazNARU Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімшесі өткізіп, университететгі барлық адамдар қауіпсіз аймаққа шығарылды.

✅ Осы АҚ және ТЖ бөлімшесінің жетекші Ерлан Молдағұлов Алматы қаласы негізінде сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқандықтан мұндай жаттығулар мемлекеттік мекемелерде өткізілуге мідетті екенін еске салып, жер сілкінісі кезінде азаматтардың дұрыс әрекетке дайындығын арттыру, эвакуациялық шараларға дағдыландыру қажеттігін түсіндірді.

Бұл іс-шара төтенше қауіп-қатерге дайын болуды, кез келген апатты жағдай туындағанда бірден іс-әрекетке көшуді үйретеді.

✅ «Әрбір адам өзінің және отбасы мүшелерінің өмірін, қауіпсіздігін сақтау үшін не істеу керек екендігін білуге тиісті. Ең алдымен, жер сілкінісі кезінде асып-саспау керек. Жоғарғы қабатта тұратындар алғашқы сәттерде қауіпсіз жерді таңдап, жер сілкінісінің соңын күткені жөн. Мұндай сәтте баспалдақ пен лифтіні пайдаланбаңыздар. Далаға шығар алдында газ, жарық, суды өшіріңіздер. Жер толқуы басылған сәтте ғана сыртқа шығыңыздар», - дей отырып, Ерлан Молдағұлов жиналғандарды апаттық-құтқару ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

✅ Университеттің Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімшесі мен Күзет қызметінің шұғыл және ойдағыдай ұйымдастыруымен өткізілген сейсмикалық сынаққа ұжым мүшелері мен білім алушылар белсенді қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник