KazNARU

KazNARU БАЗАСЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІН ТЕРЕҢ ИГЕРГЕН ЗАМАН ТАЛАБЫНА СӘЙКЕС БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЙЫНДАЛУДА

✅ Инженерлік–техникалық факультет студенттері мен магистранттары өндірістік, зерттеу практикалары мен тәжірибелерін елімізге танымал ірі-ірі компаниялар мен өндіріс орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында өтуде. Атап айтсақ, «Қазақтелеком» АҚ, «ТТ DAMU Group» ЖШС, «Lime ON Global Company» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Электронды үкімет» корпорациясы, NUR.KZ интернет порталы, «АЖК» АҚ, «АлЭС» АҚ, «КЕГОК» АҚ , «КазЭлектроМонтаж» ЖШС, «Агротех» заводы, «Амиран Агро» ЖШС, «Байсерке Агро» ЖШС. «Агроинженерия ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.

✅ Факультет білім және ғылым салалары бойынша әлемдік деңгейдегі Ангел Кънчев атындағы Русен университеті (Болгария), Миссисипи мемлекеттік университеті (АҚШ, Фарго қаласы) Жаратылыстану ғылымдары университеті (Польша), К.А.Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті (Ресей), Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлік институты (Өзбекстан), Белорусь мемлекеттік аграрлық техникалық университеті, Калифорния политехникалық университеті (АҚШ) университеттермен тығыз байланыста.

✅ KazNARU «Asia 2024» әлемдік рейтингісіне Орталық Азиялық жоғары оқу орындары арасында 6-орын, қазақстандық ЖОО арасында ең үздік 5-тің қатарынан көрінді.

✅ KazNARU Алматы қаласында өз студенттерін жатақханамен толық қамтамасыз еткен жалғыз университет.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник