KazNARU

KazNARU және DKU: ҒЫЛЫМИ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы - Ректоры, ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) Президенті, доктор Волрад Роммельмен кездесіп, жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

✅ Бұл меморандум ауыл шаруашылығы үшін жоғары деңгейлі, бәсекеге қабілетті су инженерлері, экологтар, логистика және қос дипломды диджитал мамандарын даярлауға бағытталған. Сондай-ақ бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру және ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі негізгі міндеттер белгіленді.

✅ KazNARU ректоры Ақылбек Күрішбаев университеттің басқа да германдық жоғары оқу орындарымен, өзге де серіктестерімен қарым-қатынасы дамып келе жатқанын атап өтіп, халықаралық жұмыстардың маңызды бағыттарына тоқталды.

«Біздің университеттің ғалымдары Галле қаласындағы Галле-Витенберг Университеті және Мартин Лютер атындағы Өтпелі экономикадағы аграрлық даму Лейбниц-Институтымен (IAMO) белсенді қызмет жасайды. Жер және еңбек қатынастарындағы мәселелер, сондай-ақ, Орталық Азиядағы суармалы егіншіліктегі институционалдық өзгерістер бойынша «Agrichange» өңіраралық жобасы бірлесіп жүзеге асырылуда", - деп атап өтті Ақылбек Қажығұлұлы.

✅ Сонымен бірге Германия Қоршаған ортаны қорғау қоры қаржыландыратын, «Тұрақты өңірлік басқару және Қазақстан мен Қырғызстандағы ескі алма бақтарын сақтау үшін құндылықтар жасау «ALMA» зерттеу жобасы» табысты іске асырылуда. Бұл маңызды жоба жақсы нәтиже көрсетіп, ол 2026 жылға дейін екі жылға ұзартылды.

✅ Өз кезегінде, ғылыми инновацияларды қолдау тәсілдерін зерделеуге қызығушылық білдірген доктор Волрад Роммель қазақстандық және неміс агросекторы үшін жоғары білікті мамандарды бірлесе даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, «кез-келген елдің экономикасы ғылыммен тиімді қарым-қатынас жасағанда жақсы жұмыс істейді».

«DKU білім мен ғылымды интеграциялай отырып, Орталық Азиядағы орнықты дамуға ықпал ететін, Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқан халықаралық университет болып табылады. Енді біздің және сіздердің студенттеріңіз екі университетте карьерлік, әрі ғылыми жағынан өсуге қол жеткізу үшін практикада қолдануға қабілетті, жекелеген және бірлескен білім беру пәндері бойынша оқитын болады», - деп атап өтті В.Роммель.

✅ Өзара түсіністік пен жылы диалог барысында ғылыми-инновациялық ынтымақтастықтың ортақ мүдделерін ілгерілететін Жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесуге DKU өкілдері, KazNARU басшылығы мен ғалым-сарапшылар қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник