KazNARU

“Күміс университеті” халықаралық жобасы жүзеге асуда

Аға ұрпақтың ерекше дарынды және ақылды тұлғаларын біріктіріп, олардың өзін-өзі дамытуына және өз тәжірибесімен бөлісуіне жағдай жасауға арналған «Күміс университет» халықаралық жобасы аясында «Ағылшын тілі» курсын оқытуды бастады. Курстың мақсаты – тілдік кедергіні жеңу, қолданушыларды тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, еркін және дұрыс сөйлеуге үйрету. Қазіргі таңда бағдарламасында 7 тыңдаушы бар. Бағдарламаны аға оқытушы Шойбекова Алима Жорабаевна жүргізеді. Алғашқы сабақ танысу, тілдік деңгейді анықтау үшін офлайн форматта өтті, келесі сабақтар тыңдаушылардың таңдауымен сабақ кестесіне сәйкес онлайн ЗУМ платформасында өтеді.

Күміс университеті жобасында одан өзге 13 бағдарлама бар. Аталмыш жобаға 60 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады.

​​​​​​​