KazNARU СТУДЕНТТЕРІНЕ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЛАРЫ ДӘРІС ОҚЫДЫ
Бүгінде білім мен ғылымының дамуына байланысты әлемдік құндылықтарға сұраныс күшейіп, білікті кадрлардың нарықтағы бәсекелестігі артып келеді. Ендігі кезде әр саладағы алға қойылған мақсаттар мен жетістіктерге тек интеллекті жоғары мамандар арқылы ғана қол жеткізе алатынымызды өмір көрсетіп отыр.
✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның экономикалық күш-қуаты мен әлеуетін көтеру үшін елімізге білімді, әрі білікті жас мамандар керек» деген сөзі осы ойымызды қуаттай түседі.
✅ Бүгінгі заман талаптарын сай Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті жаңа бағытта дамуды мақсат тұтады. Бұл дегеніміз – жоғары білім беру сапасына қол жеткізу, халықаралық стандарттарға сай цифрлы университет құру, нағыз ғылыми зерттеу оқу орнына айналу. Болашақ мамандарымыз агроөнеркәсіптік кешен, IТ-технология, энергетика, логистика, орман, жер, су, табиғат ресурстарын пайдалану, бизнес және басқару салалары бойынша жан-жақты білім алуда.
✅ Осы орайда, студенттерге өз оқытушыларымызбен қатар, шетелдік және отандық ЖОО профессорлары мен танымал мамандары келіп, қонақ дәріс өткізуі дәстүрге айналған.
✅ Бүгін KazNARU «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің «Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының» профессоры, з.ғ.к., «ҚР кеден құқығы» оқулығының авторы Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы мен аға оқытушы Жапақов Сабыржан Мәлиұлы келіп, арнайы қонақ дәрісін өткізді.
Құрметті қонақтар өз тәжірбиелеріне сүйене отырып: «Цифрлық экономика жағдайындағы кеден құқығының өзекті мәселелері» атты тақырып аясында кеден саласын ғылыми негіздеудің жолдарын ортаға салды. Сондай-ақ, кеден ісінің құрылу жолдары мен қалыптасуы, цифрлық экономика жағдайында кедендік құқықты дамыту, цифрлық технологиялардың таралуы жағдайында қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуі сияқты күрделі мәселелер қамтылды.
✅ Студенттер кеден құқығының ерекшеліктері, кеден ісі нормативтерінің жетілу жолдары мен цифрлық саладағы кедендік интернет-қатынастарды құқықтық реттеу жөнінде қызығушылықпен тыңдап, түрлі сауалдар қойып, тиянақты жауап алды. Қалдарбек Қуандықов белсенді қатысқан студенттерге «Қазақстан Республикасындағы кедендік бақылау» атты өз кітабын қолтаңбасымен сыйлады.
Дәріске KazNARU «Бизнес және құқық» жоғары мектебі «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к.,қауымдастырылған профессор Гүлмира Тілеубаева, «Бизнес және құқық» жоғары мектебінің деканы, з.ғ.к., доцент Динара Ажинурина және профессор оқытушылар құрамы қатысты.
KazNARU Баспасөз қызметі