KazNARU

KazNARU қабырғасында "Біздің денсаулығымыз – біздің болашағымыз" апталығы өтуде

Құрметті KazNARU білім алушылары және профессор-оқытушы құрамы, 09.02.-16.02.2024 жыл аралығында, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Біздің денсаулығымыз – біздің болашағымыз» тақырыбына апталық өтіп жатыр.

Апталық жоспарына сәйкес «Almaty Clinic» медициналық орталығының арнайы мамандары: жалпы практика дәрігері Карабалина Ардақ Алтынбекқызы, гинеколог Абдыкасымова Гүлім Ерланқызы, клиникалық психолог Керимова Кристина Александровнаның қатысуымен 12-13 ақпан күндері «Вирусты гепатиттің алдын алу», «Жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау. АИТВ (ВИЧ), ЖИТС (СПИД) және тағы басқа жұқпалы аурулардың алдын-алу», «Мінез-құлық қаупі факторларының (темекі шегу, нашақорлық, алкоголизм, психотропты заттарды және т.б.) қолданудың алдын алу» тақырыптарын  қамтитын кешенді семинар өтті. Медицина мамандары білім алушыларға вирустық гепатиттің белгілерін, таралу жолдарын, алдын алу шараларын; жастар арасында, отбасын жоспарлау әдістері, ерте жүктіліктің алдын алу және ескерту, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың профилактикасы бойынша және тағы басқа жұқпалы аурулардың алдын-алу; адам ағзасына зиян заттарды тұтынудың  алдын алу, жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салты дағдыларына үйрету, өз денсаулығы үшін жауапкершілігін, дәрігердің ұсынымдарын орындауға бейімділігін қалыптастыру бойынша түсіндіріп, презентациялар көрсетті. Медицина мамандарына білім алушылар мен профессор-оқытушы құрамы өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, дәйекті жауаптар алды.    

Апталық жұмысына топ кураторлары да белсене қатысуда. Сол қатарда «Су, жер және орман ресурстары» факультетінің кураторы Ахметкеримова Гүлнұр КД-21-13К топ студенттерімен «Лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), оның денсаулыққа әсері» атты кураторлық сағат өткізді.

Бүгінде оңай жолмен ақша тауып, бәс тігіп, құмар ойынға құныққан жастар саны көбеюде. Кураторлық сағат барысында студенттерге қоғам дертіне айналған лудомания - өзекті тақырыпқа айналғаны айтылды. Қаламыздың әр бұрышында букмекерлік кеңселер салынып, саны жыл санап артып келеді. Бәс тігіп, түнімен букмекерлік кеңсені торуылдап, уақытын текке өткізген жандарды көргенде налитының анық. Қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар лудомания дейді. Студенттерге осы ойындардың зияны түсіндірліп, слайд және видеоролик көрсетілді.

Сонымен қатар «Агробиология» факультетінің кураторлары Жүнісова Аягоз, Арзиева Розигуль ЗР-23-08К, ПВ-23-04К топ студенттерімен, Муташева Гаухар ЭК-22-07Р, ЭК-21-08Р топ студенттерімен, «Инженерлік-техникалық» факультетінің кураторлары Демисова Сауле ЭИ-20-06К, ЭИ-20-07К топ студенттерімен, Талдыбаева Айгуль ЭИ-20-09Р, ЭИУ-20-09Р топ  студенттерімен, «Интернет: пайдасы мен зияны», «Дені саудың – жаны сау», «Пайдалы тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыптарына кураторлық сағаттар өткізді. Әрі студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері  «Қозғалыс-өмір негізі!» сергіту жаттығуларын жасау челленджін бастады.

Алдағы уақытта оқу корпустары мен студенттік жатақханаларда практик-психологтар  «Менталды денсаулық дегеніміз не және оны қалай сақтау керек?» тақырыбында тренингтер жүргізіп, білімалушыларды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан зерттеу мақсатында тест, сауалнамалар  алады.  «Сенің таңдауың – сенің болашағың» тақырыбында «Зиялы қазақ» дебат клубының қатысуымен пікірталас өткізумен, студенттік жатақханаларда  тазалық күнін өткізумен жалғасын табады.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник