KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТ ПЕН ҚАСИЕТТІ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ

«Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында жасақталған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Су ресурстары, жер және орман ресурстары» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттерінен жасақталған арнайы топ өз сапарын шырайлы Шымкенттен бастап, киелі Түркістан өңіріне аяқ басты.

✅ Топ құрамында «Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының профессоры Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы, кафедраның аға оқытушысы Жорабекова Жадыра Түзелбайқызы, «Аңшылықтану және аңшаруашылығы» мамандығының 2 курс магистранты Адина Сламбаева, бакалавриаттың 3 курс студенті Шыңғыс Тұран бар.

✅ Негізгі мақсат – биылғы мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге KazNARU факультеттерінің салалық ерекшеліктерін таныстыру.

✅ Кездесу барысында топ мүшелерін Шымкент қаласы Білім басқармасы басшысының м.а. Арыкова Ақжан Абдешқызы, Түркістан облысы Төле би ауданы Білім бөлімі басшысының м.а. Жақыпов Бақытғали Тұрарұлы қабылдап, екі тараптық қарым-қатынас орнату және бірігіп жұмыс жасау туралы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай ақ, қолдау көрсетуші жауапты тұлғаларға университет Ректорының Алғыс хаты табысталды.

✅ Одан ары Төле би ауданы бойынша кәсіби бағдарға жауапты әдіскер Жұманова Салтанат Насырханқызы қарсы алып, аудан бойынша 68 мектеп барын, соның ішінде 52 мектепте 1427 бітіруші түлектер оқитынын жеткізді.

✅ Мектеп бітірушілерге KazNARU туралы ақпарат жарияланған буклеттер, қосымша материалдар таратылып, қызықты викториналар мен тренингтер жүргізілуде.

Кездесуге қатысушылар өте қызығушылық білдіріп, өздерін толғандырып жүрген түрлі сауалдарын қойып, кең көлемде ақпараттар алуда.

✅ KazNARU әлемдік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азияда үздік жоғары оқу орындары арасында 6-шы орында, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орындағы университет.

✅ Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

✅ Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыстар мен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник