«Макарон өндірісінің инновациялық технологиялары» тақырыбындағы қонақ дәрісі
Өндірістерді қолдау және тәжірибеге бағытталған оқытуды ұйымдастыру мақсатында кафедрамыз білім беру бағдарламалары бойынша дәстүрлі түрде қонақ дәрістерін ұйымдастырып отырады. Қонақ дәрісі студенттердің қызығушылығын тудырып, пайдалы диалог түрінде өтеді. Кездесуде студенттер өздеріне қажетті практикалық барлық ақпараттарды ала алады.
«Қонақ дәрісі» - спикерлер өздерінің құнды білімдері мен бірегей тәжірибелерімен бөлісе алатын бірегей алаң.
2024 жылдың 15 ақпанында «Тағам өнімдерініңтехнологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасында «Дарқан Дала» ЖК директоры Ернар Ильясович Жұмабековпен «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға қонақ дәріс өткізілді.
Ернар Ілиясұлы білім алушыларды «Дарқан Дала» ЖК құрылымымен таныстырып, негізгі қызмет түрлері туралы айтып берді. Макарон өнімдерін өндірудің инновациялық технологиялары, макарон өнімдерін өндіру технологиясының ғылыми негіздері, Негізгі және қосымша шикізат қасиеттерінің, сондай-ақ өндіріс параметрлерінің технологиялық процестің барысына, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасына әсері қарастырылады. Макарон қамырын илеу және басу, макарон өнімдерін кесу, кептіру, салқындату, тұрақтандыру және сақтау кезеңдерінің ерекшеліктері, сондай-ақ орау әдістері қарастырылады.