ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІН ДАМЫТУДЫҢ 2024 - 2030 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Бүгін Алматыда өткен кеңейтілген кеңесте ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректор Ақылбек Күрішбаев ҚР Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүрековке «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған бағдарламасын» таныстырды. Құжатта алдағы бес жыл ішінде ҚазҰАЗУ-ды халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыру бойынша нақты шаралар көзделген.
Қазіргі уақытта бұл бағдарлама ел Үкіметінің қарауына бекітілуге берілді.
1. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ЖОО-ны халықаралық деңгейдегі аграрлық зерттеу университетіне айналдыру, онда ғылыми зерттеулер, білім беру және интеграциялауды енгізу процестері біртұтас мақсатқа біріктірілген.
2. Осы маңызды мақсатқа жету үшін бірқатар нақты жүйелі шаралар қабылдау көзделеді.
Академиялық қызмет саласында білім беру бағдарламаларын тұрақты жаңарту, ҒЗИ ғалымдарын білім беру процесіне тарту, дуалды оқытуды дамыту, білім беру процесіне агробизнес жетекшілері мен мамандарының практик ретінде қатысуын реттеу, практикалық сабақтарды өткізу мерзімдерін маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарының мерзімдерімен үйлестіру, академиялық ұтқырлықты жандандыру және екі дипломды білім беруге кезең-кезеңмен көшу есебінен практикалық бағдарлауды күшейту жүйесі құрылатын болады.
Зерттеу қызметі саласында осы процеске барлық магистранттар мен докторанттарды, сондай-ақ ПОҚ-ның кемінде 50% -н тарту, халықаралық ғылыми жобаларға қатысу, агробизнестің қажеттіліктеріне сәйкес келетін ғылыми тақырыптарды іске асыру көзделеді.
Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша университетті корпоративтік басқарудың тиімді моделі құрылады. Ғылыми Кеңестің зерттеу және академиялық қызметті дамыту мәселелеріндегі рөлі арттырылады.
Ғылыми қызмет нәтижелерін енгізу және коммерцияландыру саласында жергілікті жерлерде тұрақты жұмыс істейтін білім тарату орталықтарының желісін құру, осы процеске ғылыми әзірлемелердің ғалым-авторларын белсенді тарту көзделеді.
Цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері барынша пайдаланылатын болады. Веб-сайт парақшасы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген және университет ғалымдарының қатысуымен үздік қкөрсеткіштерге ие болған АӨК субъектілері туралы ақпараттық материал шоғырланатын жаңа сайтпен толықтырылады.
3. Бағдарламаның алға қойған мақсаттары мен индикаторларына қол жеткізу үшін университеттің және оның басқаруына берілген ҒЗИ-ның материалдық-техникалық базасын жаңарту қажет болады.
ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі