KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУДЕ

KazNARU профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттерден жасақталған арнайы топ «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында Жамбыл облысының жастарымен кездесу сапарын жалғастыруда.Тараз қаласынан басталған іссапар Меркі, Мойынқұм, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында жалғасуда.

✅ Негізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.

«Агробиология» факультеті «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының профессоры Бағлан Махамедова, осы кафедраның аға оқытушысы Ниет Әбдірахымов және жоғары курстың бірнеше белсенді студенті мектеп бітірушілерге KazNARU туралы ақпараттар беріп, буклеттер мен қосымша материалдар таратып, қызықты әңгіме, тренингтер жүргізуде.

✅ Бұл маңызды кезедесулерге облыс пен аудандардың білім басқармалары, мектептердің профориентолог мамандары белсенділікпен қолдау көрсетуде.

✅ Мысалы, Жамбыл облысы Меркі ауданының Білім бөлімінің басшысы Әйгерім Алтынбек Аханқызы, Т.Рысқұлов ауданының білім бөлімі басшысы Базарова Майра Айдарбекқызы өңірдің ауылшаруашылығы үшін мамандар даярлау мақсатында KazNARU оқытушыларымен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.

✅ Шу ауданындағы М Әуезов атындағы орта мектептің директоры Татибеков Дархан Рахымбердіұлы мен кәсіби бағдар беру педагогы Мырзагүл Құлтасова университетіміздің мамандықтарын таңдау мақсатында бірге жұмыс жүргізу жоспарын құруды қолға алатындарын жеткізді.

✅ Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құлан мектеп гимназиясының 57 түлегіне арнап «Топырақтану, агрохимия және экология» кафедрасының аға оқытушы Ниет Әбдірахымов кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізе отырып, мектеп бітірушілердің өз пікірлерін сұрады.

Өз кезегінде кезедсуге қатысқан жас өрендердің көпшілігі ару қала Алматыға келіп, KazNARU сияқты үлкен оқу ордасында білім алуға қызығушылық танытты.

✅ KazNARU әлемдік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азияда үздік жоғары оқу орындары арасында 6-шы орында, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орындағы университет.

✅ Кездесулер барысында университетке қолдау көрсетуші жауапты тұлғаларға Ректордың Алғыс хаттары табысталып, ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға қол қойылуда.

Бұл арада атқарылатын міндет баршаға ортақ – мектеп бітірушілердің бейімділігі мен қабілеттеріне сай кәсіптік қызығуышылығын ояту, белгілі бір мамандық түрлерін меңгеруге бағыттау.

✅ KazNARU туры одан ары жалғасады!

✅ Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!

✅ Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыстар мен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник