KazNARU

"Жас мамандардың мансаптық траекториясын құру: университет пен мүдделлі тараптардың рөлі" тақырыбындағы дөңгелек үстел

2024 жылдың ақпан айының 15-ші жұлдызы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті  «Жер ресурстары және кадастр» кафедра меңгерушісі Гаухар Каналбековна Серікбаева мен қауымдастырылған профессоры Ардақ Диханбаевна Омарбекованың ұйымдастыруымен, бітіруші білім алушылармен "Жас мамандардың мансаптық траекториясын құру: университет пен мүдделлі тараптардың рөлі" тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге декан орынбасары Д.Ш.Әкімжанов «Практика және жұмыспен қамту кеңсесінің» бастығы Есимова Бақыткүл Даулетбековна және жұмыс берушілер Алматы қаласының сату бойынша менеджері Е.В.Игитова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ң Алматы облысы бойынша филиалы Жер кадастры баскармасы басшысы Б.А. Алкенов, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ң Алматы облысы бойынша филиалы жерге орналастыру эксперті Б.А. Рсымбетов, «Азаматтарға арналған үкіметі» МККЕАҚ Алматы қаласындағы филиалы «Жерге орналастыру және жерді қалпына келтіру басқармасының» директор орынбасары Е.С. Кудабаев, Жер кадастры басқарма басшысы "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласындағы филиалы - АТЗжКІЖ департаментінің жетекшісі А.А.Керимкулов, Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі. Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» (АШАІМИ) геоақпараттық жұйесін басқару жетекшісі Д.Ө.Ноғайбаев, Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі. Жер ресурстарын басқару комитетінің «Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты» (АШАІМИ) ақпараты басқару жетекшісі Р.Х Сулейманов қатысты. 

Жұмыс берушілер презентация жасап, мансаптық мүмкіндіктер туралы әңгімеледі және білім алушылар мен дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Дөңгелек үстелде талқыланған мәселелер:

  1. Оқу бағдарламасы бойынша пәндер таңдау талқыланды
  2. Дуалды практика мәселесі қарастырылды
  3. Болашақта өндірістегі жұмыс берушілермен оқытушылар арасында ғылыми жобамен бірлесе жұмыс жасау талқыланды.

Кездесуде студенттер қажетті практикалық ақпарат ала отырып сонымен қатар осы кәсіпорында одан әрі жұмысқа орналасу және  өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктерімен танысты.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник