KazNARU

KazNARU ЧЕМПИОНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ

Өткен жолы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студент жастары спорттың көптеген түрімен, оның ішінде самбомен қызыға айналысып жүргенін жазған болатынбыз.

Солардың арасынан ЖОО-аралық, қалалық, республикалық жарыстарда биік көрсеткіштерге ие болып, университет мерейін өсіріп жүрген жүлдегер жастарымыз жеткілікті.

✅ Алдыңғы аптада Алматы қалалық чемпионатында «Инженерлік-техникалық» факультетінің 1-курс студенті Арнұр Тәңірберген 64 кг салмақта жүлделі І орынды, ал «Ветеринария» факультетінің 1-курс студенті Жахан Бекнар 88 кг салмақта ІІІ орынды иеленіп, топ жарғанын сүйіншілеп жеткізген болатынбыз.

✅ Енді міне, 2004-2005 жылы туғандар арасында спорттық және жауынгерлік самбодан Алматы қалалық турнирінде бақ сынасқан жас спортшылардың арасында тағы бір студентіміздің жұлдызы жарқырады. Ол КаzNARU «Бизнес және құқық Жоғары мектебі» факультетінің студенті Кенжебек Темірлан.

✅ Университет абыройын асқақтатқан жастарымызды жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!

Алдағы жеңісті күндеріңіз көп болсын!

КаzNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник