KazNARU

АЛАТАУДА KazNARU! ҚАРАТАУДА KazNARU!

ӨҢІРЛЕРДЕГІ KazNARU ТУРЫ ЖАЛҒАСУДА

✅ Ақпан айының қарлы, боранды ауа-райының құбылмалылығына қарамастан, KazNARU профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттерден жасақталған арнайы топтар «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында мектеп бітіруші жастарымен кездесуді жалғастыруда.

✅ Негізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.

✅ Атап айтқанда, «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушылары – Тәжен Қ.П., Жалелов Д.Б., Искакова Ж.А. және доцент Дүйсенбекова О.О. Алматы қаласының Алатау ауданындағы мектептерде болып, KazNARU туралы ақпараттар беріп, буклеттер мен қосымша материалдар таратып, қызықты әңгіме, тренингтер жүргізіп қайтты.

✅ Осы кафедраның қауымдастырылған профессоры Жамурова Венера Серікбайқызы Қызылорда қалалық Білім бөлімінің басшысы Боданов Ерлан Тенизбайұлымен кездесіп, екіжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

✅ Ал, «Зооинженерия» кафедрасының профессоры Сәмбетбаев Әділхан Әбуұлы Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан №3 Абай атындағы орта мектеп бітірушілерімен әңгімелесіп, болашақ мамандықты қалай таңдау керек екендігі жайында бағыт-бағдар берді.

Кәсіби бағдар жұмысына профессорлар Б.Құлатаев пен Е.Баймәжі қатысты. Мектеп бітірушілердің жалпы саны 103 оқушы екен. Жас өрендер агросаланың жаңғырған мамандықтарына өте қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

KazNARU әлемдік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азияда үздік жоғары оқу орындары арасында 6-шы орында, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орындағы университет екендігі айтылды.

✅ Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!

Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыстар мен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник