KazNARU

KazNARU ӨКІЛДЕРІ КИЕЛІ ҚАЗЫҒҰРТ ЖЕРІНДЕ

«ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ БАСЫНДА КЕМЕ ҚАЛҒАН, БІР ҚҰДІРЕТ БОЛМАСА НЕГЕ ҚАЛҒАН?..»

Осы бір қызықты аңыз жолдарын барша қазақ біледі деп ойлаймыз.

✅ Міне, осы киелі Қазығұрт тауының баурайындағы елді мекендердегі мектеп бітушілермен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында жасақталған «Су ресурстары, жер және орман ресурстары» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттерінің арнайы тобы кездесуді жалғастыруда.

«Орман ресурстары, аңшылықтану және балық шаруашылығы» кафедрасының профессоры Абаева Құрманкүл Төлеутайқызы, кафедраның аға оқытушысы Жорабекова Жадыра Түзелбайқызы, «Аңшылықтану және аңшаруашылығы» мамандығының 2 курс магистранты Адина Сламбаева, бакалавриаттың 3 курс студенті Шыңғыс Тұран өздеріне берілген уақытты тиімді пайдалануды көздей отырып, өте белсенді жұмыстар жүргізуде.

✅ Негізгі мақсат – биылғы мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге KazNARU факультеттерінің салалық ерекшеліктерін таныстыру.

✅ Қазығұрт ауданы Білім бөлімінің басшысы Абдиев Бахтияр Сапарұлының айтуынша, өңірдегі 78 мектептегі бітіруші түлектер саны – 1873 оқушы. Кездесуге қатысушылар KazNARU туралы ақпарат жарияланған буклеттермен жан-жақты таныса отырып, қызықты викториналар мен тренингтерге белсенді қатысуда. Мысалы, Абай атындағы және А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін мектептердің түлектері кездесу барысында өздерін толғандырған өзекті сауалдарын қойып, университет оқытушылары тарапынан толымды жауаптар алды.

✅ Арнайы топ мүшелері бұдан кейін Түркістан облысының Білім басқармасынының м.а. Маханбетов Жандос Маханбетұлы, Түркістан қаласы Білім бөлімінің басшысы Қолдасова Оразгул Шайхықызы және Сарыағаш ауданы Білім бөлімінің басшысы Акатов Дәулет Анасұлымен кездесіп, екі тараптық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сондай ақ, «Кәсіптік бағдар беру» жобасына жан-жақты қолдау көрсетуші жауапты тұлғаларға университет Ректорының Алғыс хаттары табысталды.

✅ Мектеп бітіруші түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!

Бізді таңдау арқылы сіздер үлкен өмірге жолдама аласыздар!

Аграрлық мамандықтар сіздерді зор табыстар мен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник