KazNARU СТУДЕНТТЕРІ МАКАРОН ӨНДІРІСІНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ БОЙЫНША ДӘРІСТІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН ТЫҢДАДЫ
« Қонақ дәрістері» – бұл спикерлер өздерінің құнды білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін студенттермен бөлісе алатын бірегей алаң.
✅ Алматы қаласының танымал кәсіпкерлерінің бірі, «Дарқан Дала» ЖК директоры Ернар Жұмабеков «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы аясында оқитындарға арналған «Макарон өндірісінің инновациялық технологиялары» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
KazNARU «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қызметкерлері ұйымдастырған дәріс барысында Ернар Ілиясұлы өзінің «Дарқан Дала» ЖК құрылымын басқарудағы көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.
✅ «Біздің өндірісіміздің құрылғанына салыстырмалы түрде аз ғана уақыт болды және нарықта 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Біз итальяндық технология бойынша заманауи жабдықтарды қолдана отырып, қысқа кесілген макаронның 7 түрін шығарамыз. Соған қарамастан біз алғашқы жеткісіткерге қол жеткіздік, 2022 жылдың соңында «FoodExpo Qazaqstan» халықаралық көрмесінде 1 орынға ие болып, «Сапа дипломын» алдық. Біздің өнімдер Қазақстанның танымал сауда желілері мен ірі сауда орындарында ұсынылған. Алдағы уақытта макарон өнімдерін өндіруді ұлғайту және өткізу желісін кеңейтуді жоспарлап отырмыз", - деп атап өтті спикер.
✅ Студенттер қонақты өте қызығушылықпен тыңдап, белсенді пікірталас жүргізді, әртүрлі сұрақтар қойып, пікір алмасты.
Лектор өз сөзінде макарон өнімдерін өндірудің инновациялық технологияларына және олардың негізгі қызмет түрлері мен қосымша шикізаттың қасиеттерінің әсеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ технологиялық процестің барысына, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдердің сапасына әсер ететін өндіріс параметрлері көрсетілді.
Макарон қамырын илеу және басу, кесу, кептіру, салқындату, тұрақтандыру және сақтау кезеңдерінің ерекшеліктері, орау әдістері көрсетілді.
✅ Дәріс өте мазмұнды өтті және студенттерге жақсы әсер қалдырды.
KazNARU баспасөз қызметі