KazNARU

KazNARU СТУДЕНТТЕРІ ГЕРМАНИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТЕДІ

Немістің «APOLLO e. V.» ғылыми қоғамдық ұйымы KazNARU студенттері үшін Германияда тегін негізде тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруды қолға алмақ (білім алушылардың барыс-келіс жол жүру, тұру ақысы, неміс тілін оқыту, визалық қолдау шығындары ұйым есебінен төленеді).

✅ Бұл туралы студенттермен кездесуде «APOLLO e. V.» өкілдері Катарина Кляйн мен Йоханн Герцен айтып, қызықты бағдарламаларын ұсынды.

✅ Іс-шараныАкадемиялық мәселе бойынша Атқарушы директор - Проректор Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы және Халықаралық қатынастар және стратегиялық даму жөніндегі Проректор Абазов Рафис Фанисұлы құттықтау сөзбен ашып, қонақтарға университет басшылығы атынан алғыс білдірді.

✅ Сапардың негізгі мақсаты тағылымдамадан өту бағдарламасының бірінші кезеңімен таныстыру және іске асыру болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

* тағылымдама бағдарламасы бойынша студенттерге ақыл-кеңес беру,

* үміткерлермен іріктеу сұхбаттары.

✅ Сұхбаттан кейін 14 күн ішінде Германияда тағылымдамадан өтуге дайындық курстарына іріктеуден өткен 15 студенттің есімдері аталады. Курсты KazNARU базасында 2024 жылғы 25 наурыздан 03 мамырға дейін «APOLLO e. V.» оқытушысы Юлиан Шиллер неміс тілінде 6 апта өткізеді.

Бағдарламаға тағылымдамалар басталған кезде бакалавриаттың 4 семестрін (2 оқу курсын) бітірген және мамандығы сәйкес келетін барлық студенттер қатыса алады, магистратураның 1-ші оқу курсы 4-ші оқу жылы ретінде есептеледі.

Тағылымдама 2024 жылдың 07 маусымы мен 01 қыркүйегі аралығында Бранденбург федералды жерінде (Германия) фермаларда өтеді және үш білім беру семинарын қамтиды. Тұру және тамақтану, басқа да барлық қажетті жағдайды қабылдаушы фермерлер ұсынады.

✅ Әр тыңдаушыға ертіп жүретін және қолдау көрсететін жеке тәлімгер тағайындалады.

✅ «APOLLO e. V.» ұйымы – Шығыс Еуропадағы ауыл шаруашылығы, экология және ауылды дамыту саласындағы ынтымақтастық Ассоциациясы болып табылады.

«APOLLO e. V.» ұйымының негізгі мақсаты – азаматтық қоғам мен саясатты дамытуда маңызды рөл атқаратын Шығыс Еуропадағы аграрлық сектор мен ауылдық жерлерді қолдау.

✅ «APOLLO e. V.» ұйымында қоғамдық негізде жұмыс істейтін 70-ке жуық мүшесі мен еріктілер бар. Тәжірибені өткізу орны: Германия Федеративтік Республикасының ауылшаруашылық кәсіпорындары. Бағдарлама Бранденбург федералды жерінің Ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым министрлігінің (MIL) қолдауымен жүзеге асырылады.

✅ KazNARU Халықаралық кеңсесі студенттер мен магистранттарды «APOLLO e. V.» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырады.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник