KazNARU ҰЖЫМЫ СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
2023 жылғы 23 ақпанда сағат 10.00-де Алматы қаласы әкімдігінің бекіткен жоспарына сәйкес Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің әкімшілік қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері жалпықалалық сейсмикалық жаттығуына қатысты.
KazNARU Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директор - Проректор Айтжан Әбдіров пен Азаматтық қорғаныс және ТЖ жергілікті бөлімшесінің басшысы Ерлан Молдағұлов мұндай жаттығулар төтенше жағдайлар кезінде персоналдың дағдылары мен іс-қимылдарын үйлестіру, жер сілкінісі кезінде азаматтардың дұрыс іс-қимылға дайындығын арттыру мақсатында жүргізіліп отырғанын атап өтті.
Сейсмикалық жаттығулар барысында мамандар жер сілкінісі кезінде азаматтардың дұрыс әрекет ету туралы нұсқаулықтармен таныстырып, әңгіме жүргізді.
ЖОО ұжымы мен білім алушылары сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысты және жедел қимылдап, ғимараттардан қауіпсіз жерге дер кезінде жиналды.
KazNARU Баспасөз қызметі.