KazNARU

АГРАРЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ПЕН КОЛЛЕДЖДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары Ибрагимов Пірімқұл Шолпанқұлұлы мен Талдықорған аграрлық-техникалық колледжінің директоры Жуманбаев Абен Рахметбайұлы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

✅ Осыған орай, П.Ибрагимов Алматыға арнайы келген Колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Иманбаева Гүлшат Маратқызы және директордың оқу - әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Жексембаев Ғалымжан Жұматайұлымен кездесіп, Меморандум аясында бірлесе атқарылар жұмыс жоспарын талқылады.

✅ Талдықорған агро-техникалық колледжі мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорны саналады. 1943 жылы Алматы облысы совхоздары тресінің Ленин атындағы совхозаралық мал шаруашылығы мектебі негізінде құрылған. 2013 жылдан бүгінгі атауын иеленген колледжде 8 мамандық бойынша 1500-дей білім алушы оқиды.

✅ Алдағы кезеңде KazNARU мен ТАТК бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, олимпиадалар, интернет-кеңестер өткізу, «Ашық есік» күнін ұйымдастыру, болашақ жас мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту және «Ветеринария» мамандығы аясында «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бойынша жұмыстар жүргізуге уағдаласты.

Ең бастысы, колледж түлектеріне аграрлық білім саласының жетекші оқу ордасы - KazNARU қабырғасында жоғары білім алуды жалғастыру үшін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жеңілдіктер жасалатыны айтылды.

✅ Бұдан кейін қонақтар университет базасымен танысып, «Ветеринария» факультетінің Биологиялық қауіпсіздік кафедрасының меңгерушісі Асылбек Мусоев, Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасының меңгерушісі Ерғанат Қорабаев, Білім беру бағдарламаларын жобалау офисінің жетекшісі Жанар Құсаиновадан білім беру, оқыту мәселелеріне қатысты қажетті ақпараттарға қанықты.

KazNARU Баспасөз қызметі.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник