KazNARU

KazNARU қабырғасында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғана 35-жыл. Айтулы шара аясында университет ұстаздары да ардагерлермен кездесу өткізді.

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университетінің әскери кафедрасы бұл даталы күнді назардан тыс қалдырмады. «Естелік – өмір айнасы» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерін шақырып, мағыналы іс шара өткізді.

Қонақтар тізімінде 1979-1981 жылдар аралығында соғысқа қатысқан ардагер, Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері, отставкадағы полковник Жалилов Талғат Мансұрұлы, ауған соғысының ардагері Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері полковник Қожахметов Хасен Қойшығараұлы және 1984-1986 жылдар аралығында майдан даласында болған ауған соғысының ардагері, запастағы сержант Ұзақбаев Руслан Юрайұлы бар.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник