KazNARU

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ТОПТАРЫНЫҢ АЙШЫҚТЫ АПТАСЫ

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттерден жасақталған арнайы топтарының «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясындағы өңірлердегі кездесулері жалғасуда.

✅ Негізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.

✅ Атап айтқанда, ақпан айының қарлы, боранды ауа-райына қарамастан, Жетісу облысына қарасты 8 аудан мен Талдықорған, Текелі қалалары, Жамбыл облысының аудандары мен Тараз қаласы, Шымкент қаласы мен Түркістан облысы, Алматы облысының Жамбыл, Талғар аудандары, Алматы қаласының Алатау ауданындағы мектептері қамтылды.

✅ Әр топтың қызықты іс-сапары туралы ақпараттар Фейсбук, Сайт, Инстаграм, ТикТок парақшаларында жедел беріліп отырды.

Жер-жердегі 9 аудандық газетке Басқарма Төрағасы-Ректор Ақылбек Күрішбаевтың «Жастардың таңдауы – KazNARU» атты танымдық мақаласы жарық көрді.

✅ Бұл маңызды кездесулерге облыстар мен аудандардың білім басқармалары мен бөлімдері, мектептердің профориентолог мамандары белсенділікпен қолдау көрсетуде. Олар әр өңірдің ауылшаруашылығы үшін мамандар даярлау мақсатында KazNARU оқытушыларымен бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Кездесулер барысында университетке қолдау көрсетуші жауапты тұлғаларға Ректордың Алғыс хаттары табысталып, ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумдарға қол қойылды.

✅ Өз кезегінде кездесуге қатысқан жас өрендердің көпшілігі ару қала Алматыға келіп, KazNARU сияқты үлкен оқу ордасында білім алуға қызығушылық танытты. Мектеп бітірушілерге оқу ордамыз туралы ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды, қызықты сұхбаттар, тренингтер жүргізілді. Белсенді жастарымыз Қаскелең қаласында «Ашық есік» күнін өткізіп, қызықты коцерт ұйымдастырды.

✅ Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!

Аграрлық мамандықтар жастарды зор табыстар мен жетістіктерге бастайды!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник