KazNARU

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНА СЕРТИФИКАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

2024 жылдың 31.01 – 29.02 аралығында Самарқанд ветеринарлық медицина, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің Нөкіс филиалынан келген профессор-оқытушылар құрамы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің базасында 144 сағаттық Біліктілікті артыру курсынан өткен болатын.

✅ Бүгін KazNARU Академиялық мәселелер бойынша Атқарушы директор - Проректор Абдыров Айтжан Мұхамеджанұлы осы оқытушыларға біліктіліктерін арттырғаны туралы Сертификаттар табыстады. Атап айтқанда:

✅ СВММШжБУ Нөкіс филиалының «Ветеринариялық медицина және тағам қауіпсіздігі» кафедрасының ассистенті Эримов Сирожиддин Фарходович «Гельминтоздар диагностикасы» (Диагностика гельминтозов) бағдарламасы бойынша;

✅ СВММШжБУ Нөкіс филиалының «Ветеринариялық медицина және тағам қауіпсіздігі» кафедрасының ассистенті Курбаниязова Гулсинай Маратовна «Еттің санитарлық экспертизасы» (Санитарная экспертиза мяса) бағдарламасы бойынша;

✅ СВММШжБУ Нөкіс филиалының «Ветеринариялық медицина және тағам қауіпсіздігі» кафедрасының ассистенті Шакилов Умбетали Нуралиевич «Ірі қара мал тейлериозының патоморфологиясы» (Патоморфология тейлериоза крупного рогатого скота) бағдарламасы бойынша аяқтады.

✅ Өзбекстандық әріптестерімізді Біліктілікті артыру курсынан

сәтті өтуімен шын жұректен құттықтаймыз!

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник