МЕКТЕП БІТІРУШІ ЖАС ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің кәсіби бағдар беру мақсатында құрылған тобы Арал ауданындағы мектептерде өз жұмыстарын бастады.
«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы Саттар Исматуллаев пен «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврдың 4 курс студенті Нұрмұхамед Тұлпаров түлектермен кездесіп, KazNARU туралы буклеттер мен ақпараттар ұсынып, олардың қызықтырған сұрақтарына толық жауап берді.
Ал, «Ветеринария» факультетінің «Акушерлік хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының ага окытушысы Назым Акимжан мен қауымдастырылған профессор Гүлжан Омарбекова Алматы қаласындағы Жетісу ауданының №87 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып бітіруші түлектерімен жүздесті.
Негізгі мақсат біреу – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.
Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!
Аграрлық мамандықтар жастарды зор табыстар мен жетістіктерге бастайды!
KazNARU Баспасөз қызметі