KazNARU

KazNARU – АРАЙЛЫ АЛМАТЫНЫҢ ЕҢ АЙШЫҚТЫ ОҚУ ОРДАСЫ  

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті туралы бұлай деуге толық негіз бар. Өйткені, әсем Алматы ел астанасы атанған өткен ғасырдың белесінде шаңырақ көтерген оқу орнының шежірелі тарихы, өсу белестері осы ару қаламен тікелей байланысты. 

✅ Бүгінде KazNARU мәңгілік жастық қаласымен бірге жайнап, жаңғыру үстінде, халықаралық қауымдастыққа кеңінен танымал университетке айналды. 

Вагенинген университеті (Голландия), АгроПарижТех университеті (Франция) және Небраска Линкольн университеті (АҚШ), Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Хэнань ауылшаруашылық университеті (ҚХР), Малайзияның Паханг университеті, Эмираттағы Американдық Университет сияқты әлемнің жетекші озық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатты.

✅ Осындай жұмыстардың нәтижесінде әлемдік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азияда үздік жоғары оқу орындары арасында 6-шы орынға, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орынға шықты. 

✅  «Ветеринария» факультеті «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының  қауымдастық  профессорлары: б.ғ.к. Қожахметова Зубайра Әмірбекқызы, PhD Сарыбаева Динара Амангелдіқызы және 1 курс магистранттары: Мадина Оразалиева, Тельман Хасан Жетісу ауданының №110, №112 және №118 мектеп гимназияларының бітіруші түлектерімен кездесуде осындай оң өзгерістер мен жағымды ақпараттарды жеткізді. Жалпы кездесуге үш мектептен 186 оқушы қатысты.

✅ Сондай-ақ, «Энергия үнемдеу және автоматика» кафедрасының аға оқытушылары А.С. Талдыбаева мен Н.И. Молдыбаева Әуэзов ауданындағы №42 жалпы білім беретін мектепте болса, «Су ресурстары және мелиорация» кафедрасының оқытушылары  №176 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесті. 

✅ Барлық оқушыларға  KazNARU туралы қазақ және орыс тіліндегі буклеттер және мамандықтардың жалпы мәліметі таратылып, арнайы видеоролик көрсетілді. Оқушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

✅ Негізгі мақсат біреу – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру. 

✅ Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!

KazNARU Баспасөз қызметі
 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник