KazNARU қабырғасында сейсмикалық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Алматы қаласының төтенше жағдайлар Департаменті, университетіміздің тәрбие жұмысы жөніндегі департаменті бірлесіп сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.
Қазіргі таңда аса өзекті болып отырған маңызды бұл шараға біздің университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, білім алушыларымен бірге КИМЭП, UIB, Қазақ-Неміс университеті, Азаматтық авиация академиясынан да әріптестеріміз қатысты. Бекітілген графикке сәйкес №6 оқу корпусының 3 лекциялық залында өткен ақпараттық-түсіндіру лекциясын Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті, Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, майор Баймұхамбетова Сандуғаш Амантайқызы жүргізді.
Ол презентациялық материалдарды қолдана отырып, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздікті сақтау туралы толық түсіндіріп, тыңдаушылар тарапынан қойылған сауалдарды бірге талқылап, жауап берді.
Біздің университеттен факультет декандары мен орынбасарлары, өрт қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі инспекторы Мұрат Оразалин және оқу корпустары мен студенттік жатақхана меңгерушілері, студенттік омбудсмен Мақсат Иманбеков, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жетекші маман Ерлан Молдагулов, студент жастар қатысты.