KazNARU

АБАЙ: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев өзінің «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» атты көлемді екі мақаласында Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы жас ұрпақ тәрбиесінің түп қазығына айналуы керектігі туралы тапсырма берген болатын.

✅ Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Абай шығармашылығының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, жан-жақты насихаттау мақсатында «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...» деген тақырыпта аса мазмұнды, танымдық-тәрбиелік кеш ұйымдастырылды.

Кешке университет басшылары, ардагер профессор-оқытушылар, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, «Amanat» партиясының өкілдері, өнер мен спорт жұлдыздары, факультет декандары мен студенттер қатысты.

✅ Кешті құттықтау сөзбен ашқан KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов «Бүгінгі таңда «Толық адам» атану – Абай ғана емес, бүкіл қазақ ұлты армандаған, аңсаған мақсат, мұраттарымыздың ең биік асқар шыңы екенін атап өтті.

- Ұлы ақын «Ақыл, қайрат, жүректі бір¬дей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – деген бір ауыз өлеңіне адамзат үшін барлық қажетті қасиетті ұғымдарды сыйғызған. Әсіресе әділет, рахым, ізгілік, парасаттылық, адамгершілік, мейірім, ар-ұят, талап, еңбек, білім, өнер сияқты қасиеттерге ерекше мән береді. Ендеше, Абайдың өз ұрпағына қалдырған осы өсиеттеріне терең бойлай отырып, рухани кемелділікке ұмтылатын кезең келді. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Баршаңызға кемелдік тілеймін! - деді Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Мемлекет басшысының «Абайдың «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек» деген тұжырымы осы кеште сөз сөйлеген танымал тұлғалардың басты ұстанымы болды.

✅ Хакім Абай «Ғылым таппай мақтанба» деген. Осы бір өміршең өлең жолы білім бұлағын таңдаған, терең ғылымды іздеген, әр салада жаңалықтар ашып, адамзат игілігіне еңбек етіп жүрген KazNARU ұжымына, профессор оқытушылары мен ұстаздарына, барша студенттерге шамшырақ болып тұрғаны анық.

Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Абай мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеу негізі.

✅ «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар» деген ақынның руханият пен өнерге шақырған өсиетін бүгінгі студент жастар, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары әнмен, күймен, бимен, ойлы өлеңдермен жалғастырды.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник