KazNARU

"Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі"кафедрасы түлегінің қонақ дәрісі.

2024 жылы 28 Ақпанда "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша түлегіміз Асқарова Тоғжан бізде кезекті қонақта  болып қайтты. Қазіргі таңда Тоғжан функционалды диетолог, салауатты өмір салтын насихаттаушы, 7- жылдық тәжірибесі бар ақпараттық блогер. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша телевизиялық сарапшы, "Балалар тағамы", "Anti-Age", "Иммуно+" курстарының авторы, ҚазҰАЗУ техника ғылымдарының магистрі, Ресей білім беру медицинасы университетінің түлегі.

Түлегіміз көптеген пайдалы кеңестерімен бөлісе отыра, тұрақты қалыптасып қалған тамақтану туралы біршама мифтерді жоққа шығарды және ең көп таралған, ұстанатын диеталардың жақсы және жаман жақтарын айтып, түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Тоғжан, қайта өңдеу өндірістерінің технологы ретінде өзінің жетістіктеріне қалай қол жеткізгенін және мақсаттарға жету үшін қандай практикалық қадамдар жасауға болатынымен өз ойымен бөлісті.Студенттер осы дәрісте көтерілген сұрақтарды белсенді талқылап, өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарын қойды, барлық сұрақтарға Тоғжан Асқарова толық, түсінікті тілде жауап берді.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник