KazNARU

KazNARU ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢДЕГІ МІНДЕТТЕРІ БЕЛГІЛЕНДІ

2024 жылдың 01 наурызында өткен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің кезекті Ғылыми кеңес отырысында 2023-2024 оқу жылының қысқы оқу сессиясының қортындысын қарастырып, алдағы уақыттағы білім беру, ғылым саласындағы жұмыстарды жанғырту, инфрақұрлымды дамыту бағыты белгіленді.

✅ Ғылыми кеңестің төрағасы, KazNARU Басқарма Төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА Президенті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы университет қызметіндегі жетістіктер мен кемшіліктердің ашық талқылануын және оқу ордасын дамыту туралы маңызды істердің басымдықтары мен оларды шешу жолдарын бірлесе айқындауды ұсынды.

«Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің 2024-2030 жылдарға арналған Даму бағдарламасы Үкімет қарауында жатыр. Жаңа дбағдарлама бойынша университетіміз бен 4 ҒЗИ және бір тәжірибелік шаруашылықтың интеграциялануына, әрі тиімді жұмыс істеуіне қажетті 23 млрд теңге қаражат қарастырылған. Негізгі мақсат – ЖОО-ның әлемдегі озық аграрлық зерттеу университеттеріне трансформациялануын жеделдету, яғни ғылыми-зерттеу мен білімді біртұтас жүйеге айналдыру. Міне, біз енді осы мақсатты орындауға күш біріктіруіміз қажет», - деді университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.

✅ Университеттің Тіркеу офисінің бастығы Лаура Умарова өз баяндамасында қысқы оқу сессиясының барысында жүргізілген жүйелі істерді ортаға сала отырып, кеткен кемшіліктерді жетілдіру аясындағы қолға алынатын іс-шараларды атап өтті. Оның ішінде: - ЖОО профессор-оқытушылар құрамының ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша құзыреттілігін арттыру; - 2024 жылдың наурыз айынан бастап білім алушылардың сабаққа қатысуын бақылау үшін QR көмегімен Platonus АИС студенттік мобильді қосымшасын пайдалануды күшейту; - білім алушылардың жетістіктерін критериялар жүйесі арқылы бағалау үшін іс-шаралар жоспарын әзірлеу ұсынылды.

✅ Академиялық мәселелер жөніндегі Атқарушы директор - Проректор Айтжан Абдыров ЖОО-ның жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығы туралы ақпаратты ұсына отырып, белгіленген іс-жоспар бүгінде көз бояушылықтан арылып, нағыз іске ұласып жатқанына назар аударды. Сонымен қатар, жан-жақты зерттеліп, терең талдау жасалынған, әлі де шешімін табар күрделі мәселелер аз емес екендігін ортаға салды.

Мысалы 13 оқу бағдарламасы бойынша онлайн тәртібінде оқыту үшін лицензия алу; ағымдағы жылғы 3-5 сәуір аралығында университеттің Институционалдық аккредиттеу рәсімінен өтуін қамтамасыз ету; Платонуста 1991-2023 жылдар аралығындағы оқу бітіріп кеткен түлектердің дипломдарын цифрландыруды қамтамасыз ету; талапкерлерді 1 курсқа қабылдау кезінде шекті баллды 50-ге дейін төмендету; шәкіртақынының көлемін арттыру; Су ресурстары оқу бағдарламасы бойынша ҰБТ-дағы бейіндік пәндерді өзгерту сияқты мәселелерді нақтылау қажеттігі айтылды.

✅ Күн тәртібінде қаралған аса маңызды тақырыптың бірі – «Университетте 2023 жылы жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелері және алдағы даму бағыты туралы» Басқарма Төрағасы - Ректордың Бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов өз баяндамасында университет ғалымдары бүгінгі күні 58 ғылыми жоба орындалуда екеніне тоқталды.

2021-2023 жж. арналған ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі 3 млрд теңгеден асты. Айта кетсек, осы 58 жобаның ішінде 17-сі (29%) жас ғалымдардың үлесінде. Ғылыми жетістіктердің нәтижелерін өндіріске енгізу бойынша 3 жоба іске асырылады. Өсімдіктерді микроклоналды көбейту зертханасы, Қазақстан-Жапон инновациялық орталығы, Халықаралық вакцинология орталығының ғалымдары да ғылыми жобаларды тұрақты іске асыруда. Алайда, кейбір орталықта ғылыми жобалар мүлдем орындалмайтынын да ашып айтқан жөн.

✅ Жоғарыда айтылған кемшіліктерді ескере отырып, университет басшылығы Университеттің 2024-2028 жж. арналған Даму бағдарламасын әзірлеп, Үкімет қаулысымен бекітуге жолдады. Осы бағдарламада ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру арқылы 2028 жылға ҒЗЖ-мен айналысатын ПОҚ-тың үлесін 50%-ға жеткізу керек.

Университет АӨК субъектілеріне ғылыми негізде кеңес беру, білім таратумен айналысады. 2028 жылы осы қызметпен 50 000 субъект қамтылатын болады. Осылайша әлемнің озық жоғары оқу орындарынан кем түспеу үшін жоғары деңгейдегі заманауи зерттеу университетін қалыптастыру басты мақсатымыздың бірі деп санаймыз деді баяндамашы.

✅ «Жоғары оқу орнының инфрақұрлымың дамыту жоспары туралы ақпарат» ұсынған Басқарма Төрағасы – Ректордың орынбасары Қуат Сұлтанғазиев KazNARU бүгінгі күні заман талаптарына сай жаңа бағытта даму үстінде екенін ортаға салды.

Мысалы, бүгіңде 450 орындық жаңа жатақхананың құрылысы басталып кетті. Инвестицияның көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды. Және бұл жобаның ерекшілігі инвестор аталған құрылысты басынан аяғына дейін толық өздері салып, университетке дайын «кілт» беретін болады. №9 жатақхананы күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Эдил-Строй Сервис» ЖШС мердігер ұйымы таңдалды. Жөндеу жұмыстарының құны 299,0 миллион теңгені құрайды. Жұмыстың аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың 15 тамызы. №6 оқу ғимаратындағы төрт дәрісхананы күрделі жөндеуден өткізу үшін 2024 жылғы 25 қаңтарда 116 миллион теңгеге оңтайлы сараптамалық қорытынды алынды. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 2 - жарты жылдығына жоспарланды.

✅ Өзге де бірқатар оқу және тұрғын-жай ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары қолға алынатын болады. Соның ішінде, «Байбұлақ» ауылындағы оқу-тәжірибе шаруашылығындағы «Ақылды жылы-жай» аумағында 2024 жылдың қаңтарында қабылдау комиссиясының актісімен жылы-жайды қоректендіретін орта қысымды магистральдық газ құбыры іске қосылды.

✅ Ғылыми кеңестің мүшелері Жаңа Қазақстанның лебі біздің университетімізде сезіліп жатқандығын атап өтіп, университеттің жаңа кезеңдегі қызметін жоғары бағалады.

Ғылыми кеңестің жұмысын қортындылай келе, кеңес Төрағасы, университет басшысы Ақылбек Күрішбаев талқыланған мәселелер бойынша ашықтық пен өзара сын болғанын атап өтіп, университет қызметін одан ары дамыту мақсатында Ғылыми кеңес мүшелері қабылдаған тиісті шешімдерді басшылыққа алуды тапсырды.

KazNARU Баспасөз қызметі

---------Chatbot---------
виртуальный помощник