КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ АЙШЫҚТЫ АПТАСЫ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді студенттерден жасақталған арнайы топтардың өңірлерде мектеп бітіруші жас түлектермен кездесулері жалғасуда.
Атап айтқанда, KazNARU «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының профессоры, б.ғ.к. Төребеков О.Т. Атырау қаласында болып, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық коледжін бітіріушілермен кездесті.
Бұл коледж 1948 жылдың 18 шілдесінде зоотехникалық-мал дәрігерлік техникумы болып құрылған ежелгі оқу орнының бірі. Алғашында екі мамандық (зоотехник, мал дәрігерлік) бойынша оқытса, бүгінде 12 бағытта мамандар дайындайды.
Соңғы жылдары заман сұранысына орай, өзіндік ерекшелігі бар «Фермер шаруашылығы» мамандығы оқытыла бастады.
О.Төребеков «Ветеринария» бөлімінің менгерушісі Даиырбек Ұзақбаевпен және колледж бітіріуші бір топ түлектермен кездесіп, жастарды болашақта университетте бакалаврда оқуларын жалғастыруға шақырды.
KazNARU «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушылары – Саттар Исматуллаев пен Дулат Жалелов,
бакалавр-4 курс студенті Нұрмұхамед Тұлпаров пен бакалавр-2 курс студенті Марғұлан Мұратбек өз іс-сапарларында Қызылорда облысының Шиелі, Жалағаш, Жаңақорған аудандарын қамтыды.
Негізгі мақсат баршаға ортақ – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.
Осыған орай, мектеп бітірушілерге KazNARU туралы ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды, қызықты сұхбаттар, тренингтер жүргізілді.
Кездесулер барысында университетке қолдау көрсетуші жауапты тұлғаларға Ректордың Алғыс хаттары табысталып, ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумдарға қол қойылды.
Өз кезегінде кездесуге қатысқан жас түлектер KazNARU сияқты үлкен оқу ордасында білім алуға қызығушылық танытты.
KazNARU Баспасөз қызметі