KazNARU

СУ ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ: ҚАЗАҚСТАН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СУЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІН РЕТТЕЙТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯҒА ҚОСЫЛДЫ

https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/716652?lang=ru&fbclid=IwAR3Ip5HaTDxbpY1CaUpUiMhD36ZI9FqwF8DkCPMpRn1AHWEAfmlZ0N8rqHQ

Су ресурстары және ирригация министрлігі трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін Халықаралық су ағындарын кеме қатынасынан басқаша пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенция аясында шешуге ниетті. ҚР Парламентінің Сенаты халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы Заңды мақұлдады.

Конвенция трансшекаралық өзендер мен көлдерді және олармен байланысты жерасты суларын әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат болып табылады. Қазіргі кезде 37 мемлекет Конвенцияның қатысушысы болып табылады.

Халықаралық келісім су бөлуге қатысты ықтимал дауларды шешу үшін және барлық тараптың мүддесіне сай су ресурстарын дамытуға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жасайды.

Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге зиян келтірумеу үшін тиісті іс-шараларды қабылдайды. Сондай-ақ су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы қолжетімді деректермен тұрақты негізде бөліседі. Бұдан бөлек, су ағыны мемлекеттері бір-біріне кеңес береді, жоспарланған іс-шаралардың халықаралық су ағынына әсері туралы келіссөз жүргізеді.

«Мәселен, Конвенцияда гидротехникалық құрылыстар салу іс-қимылы бойынша нақты шаралар айқындалған. Атап айтқанда, мүдделі тараптардың келісімінсіз жүзеге асыруға санкция бермейді деп жазылған. Осы тұрғыда, көрші мемлекеттермен ынтымақтастық шеңберінде су шаруашылығы іс-шараларын келісіп атқару қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, министрлік трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясы арқылы да шешетін болады»,-
деді ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник