KazNARU

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МОДЕЛІ

2024 жылғы 2 наурызда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының моделі» атты халықаралық конференция болып өтті. Бұл маңызды іс-шара Қазақстанның БҰҰ құрамына кіруінің мерейтойына және Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын орындаудағы рөліне арналды.

✅ Сондай-ақ, «Орнықты даму мақсаттары және жаһандық сын-тегеуріндер: Қазақстанның үлесі» тақырыбы бойынша іс-шара студенттер арасында да дипломатиялық келіссөздер жүргізу форматында өткізілді. Конференцияға Алматы қаласындағы түрлі университеттердің (ҚазҰУ, КИМЭП, UIB, Тұран, Абылай хан атындағы Халықаралық Шет тілдер университеті мен т.б. ЖООлардың) экономикалық, басқарушылық, қолданбалы және басқа да мамандықтарының 120-дан астам студенттері қатысты.

✅ БҰҰ Моделі – бұл Біріккен Ұлттар ұйымының негізгі қызметін түсінуге және студенттердің ақыл-ойын осы ұйымның жұмыстарын студентті конференция режимінде өткізуге мүмкіндік беретін өте танымал халықаралық бағдарлама.

Бағдарлама аясында бір күн студенттер дипломаттар мен мемлекет басшыларына айналады, яғни, БҰҰ өкілдері ретінде әрекет етеді.

✅ Қысқаша тоқталсақ, 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастардың толыққанды субъектісіне айнала отырып, БҰҰ-ға ресми түрде мүшелікке өтті. Бір жылдан кейін, 1993 жылдың 16 ақпанында атаулы күні біздің еліміздің ең тарихи сәулетті ескерткішінінің бірі, Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйінде БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің бірінші кеңсесі ашылды. БҰҰ-ның ҚР-дағы алғашқы тұрақты өкілі Найджел Рингроуз мырза болды.

✅ Содан бері 30 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан БҰҰ-ның жаһандық халықаралық мәселелерді шешудегі қызметі мен күш-жігерін толық қолдай отырып, өзінің көп векторлық, теңгерімді сыртқы саясатын жалғастырып келеді, оның халықаралық қатынастар саласындағы аса маңызды рөлін жоғары бағалайды. Аталған кезеңде Қазақстан мен БҰҰ мықты әрі өзара тиімді қарым-қатынас орната алды, бұған елімізде түрлі салаларда жобалық қызметті жүзеге асыратын БҰҰ-ның 21 агенттігінің орналасуы мен жұмыс істеуі дәлел болып табылады.

✅ Аталған іс-шараның ашылу салтанатына БҰҰ-ның Алматыдағы Жаһандық коммуникациялар өкілі Властимил Самек, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Чад Киннер, ФАО өкілдері, жобалық үйлестіруші – Айжан Қарабаева және серіктестік қатынастарды дамыту жөніндегі кеңесші – Гүлназ Ысқақова, Италия мәдени орталығының директоры – Кармин Барбаро қатысты.. EFES Kazakhstan компаниясы бизнес серіктес және бірлескен демеуші ретінде қолдау көрсетті.

Айта кетейік, іс-шара Орнықты даму мақсаттары мен «Жасыл кампус» бағдарламасын іске асыруға дайындық аясында ұйымдастырылды, әрі KazNARU Халықаралық жасыл және тұрақты даму институты мен Халықаралық кеңсенің қолдауымен жүзеге асырылды.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник