СИЫРЛАРДЫ ҚОЛДАН ҰРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ МАЛ БАСЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ – ЖОҒАРҒЫ СҮТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДІЛІГІНІҢ КЕПІЛІ
«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті» КЕАҚ «Акушерлік, хирургия және өсіп өну биотехнологиясы» кафедрасы ғалымдарының Жамбыл облысында жеке меншік секторының сиырларын қолдан ұрықтандыру технологиясын енгізу тәжірибесі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінің алдына – экономиканың аграрлық секторындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру міндетін қойды. Кез келген мемлекетте мал шаруашылығының, соның ішінде сүтті және етті мал шаруашылығының даму деңгейінің экономикалық көрсеткіші – асыл тұқымды малдың үлесі. Дамыған елдерде асыл тұқымды малдың үлесі 65-70%-ға дейін жетеді. Алайда, Қазақстан Республикасында сиырларды қолдан ұрықтандыру әдісі сияқты малдың генетикалық әлеуетін жақсарту және өнімділігін арттырудың қолжетімді әдісі толық қолданылмай отыр. Сиырлар мен құнажындарды қолдан ұрықтандыру әдісі біздің елімізде негізінен ірі сүт-тауарлы және ішінара асыл тұқымды ет бағытындағы шаруашылықтарды қамтиды. Жеке сектордағы сиырларды қолдан ұрықтандыру технологиясын енгізу мал өнімділігін арттыру мен генетикалық қорды көбейтудің қолжетімді құралы.
Сиырларды қолдан ұрықтандыру технологиясын қолдану деңгейінің төмендігінің себебі – ұрықтандырушы мамандардың тапшылығы, тиісті мемлекеттік бағдарламалардың жоқтығы, жеке секторда, шағын және орта шаруашылықтардағы сиырлар мен құнажындарды қолдан ұрықтандыру әдісін қолданудың экономикалық тиімділігінің төмендігі туралы қарама-қарсы пікірлердің болуы. Айта кету керек, Қазақстан Республикасындағы ірі қара мал басы қазіргі уақытта шамамен 8,5 миллион басты құрайды, оның 80-85 пайызы жеке кәсіперлер, шаруа қожалықтарында және қосалқы шаруашылық иелерінде шоғырланған. Үй шаруашылықтарында ірі қара малдын 55 пайызы шоғырланған.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үй шаруашылықтарында сиырлар мен құнажындарды қолдан ұрықтандыру әдісін енгізу еліміздегі ең өзекті мәселе болып табылады. Мәселен, 2023 жылы Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлының (Қазақстан Республикасы «Су ресурстары және ирригация» министрі) бастамасымен «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеке шаруа қожалықтарының иелерінің сиырлары мен құнажындарын қолдан ұрықтандыру технологиясын енгізуге қаражат бөлінді. Жеке сектордағы сиырларды қолдан ұрықтандыру бойынша жұмыс 2023 жылдың 7 мамыры мен 30 қарашасы аралығында «Жеке қосалқы шаруашылық иелерінің сиырларын қолдан ұрықтандыру» 019 «Құрылысқа қатысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартқа» 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 30 «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» инновациялық бағдарламасы бойынша жүргізілді.???
Жобаны жүзеге асыру мақсатында Қазақ ұлттық ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу университетінің қызметкерлерінен сиырларды қолдан ұрықтандыру бойынша 5 жедел топ құрылды. Сонымен бірге, осы жедел топтарға Жамбыл облысының тиісті аймақтарынан 20 ұрықтандыру технигі де енгізілді. Жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілді: «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы басқармасының» конкурс жариялауы, «ҚазҰАЗУ» КЕАҚ конкурсқа қатысуы, жұмысты орындауға келісім-шарт жасау, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу (бұқаларды оқшаулау қажеттілігі туралы, тұқымсыз бұқашықтарды шағылыстыруға бақылаусыз пайдалануды болдырмау туралы), техник ұрықтандырғыштарға семинар жүргізу, Жамбыл облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағдар беру, ұрықтандырушы техниктердің жедел топтарын құру, ұрықтандыру техниктерін қажетті құралдармен және шығын материалдарымен қамтамасыз ету, сиырларды қолдан ұрықтандыруды жүргізу, сиырлардың буаздығын анықтау тік ішек арқылы балау және ИФТ сынақтары. Сұйық азотты жеткізу үшін «Тараз Асылдандыру» ЖШС-нен мамандандырылған автокөлік тартылып, «Қазфосфат» ЖШС зауытынан қолдан ұрықтандыру пункттеріне жеткізумен 1 кг-ы 329 теңгеден сұйық азот алынды.
Жамбыл облысының жеке секторындағы 10 ауданда 24 елді мекенде 5127 бас сиырларды қолдан ұрықтандыру жоспарланса, іс жүзінде 3639 бас сиыр ұрықтандырылды. Сиырларды қолдан ұрықтандыру үшін Жамбыл облысының әр өңірі тұрғындарының сұранысына байланысты сүт және ет өнімділігі бағытындағы асыл тұқымды бұқаларының ұрықтары пайдаланылды: симментал тұқымы («Сұңқар» бұқасы № 16/Е37, 1375 мөлшер), Алатау тұқымы (бұқа «Арлан», No330, барлығы 1282), Бурыл швиц тұқымы («Сатурн» немесе «Батыр» бұқа аты, барлығы 525), өнімділігінің сүт бағыты, голштин тұқымы. Канада селекциясы («Comestar Legendairy» бұқасы, No 107870109, барлығы 700, «Robella Goldchip Piston PB», No 11378506, барлығы 720), жергілікті Әулиеата тұқымы («Тарзан» бұқасы No 5029, барлығы 300), ет өнімділігі, отандық қазақтың ақбас тұқымы (бұқа «Самурық», барлығы 500), жергілікті Әулиекөл тұқымы («Майдан» бұқасы, № 7982, барлығы 570), американдық селекциядағы ангус тұқымы («Heisman» бұқасы, No 1705, барлығы 350).
Жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін талдау жеке сектордағы сиырларды қолдан ұрықтандырудың өзіндік ерекшеліктері бар екенін көрсетеді: халық арасында алдын - ала түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолдан ұрықтандыру кезеңінде бұқашықтар және асыл тұқымды бұқаларды оқшаулауды қамтамасыз ету, малшылармен келісіп жұмыс жасау (сиырларда күйлеу феноменін балау), ұрықтандырушы техниктерді сұйық азотпен үздіксіз қамтамасыз ету (облыс орталығынан пункттердің радиусы 60 км-ден 492 км-ге дейін болды), әр ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескеру, бұқаларды дұрыс таңдау асыл тұқымды малды ұрықтандыру, үшін голштин және симментал тұқымды бұқалардың ұрықтарымен тек тірі салмағы 320 кг-нан асатын сиырларды ұрықтандыру (төл ірі болмау үшін).
Жобаның басталуы 2023 жылдың 15 сәуіріне жоспарланған болатын, алайда конкурстың аяқталу мерзімінің кешіктірілуіне байланысты (2023 жылдың 11 сәуірі) және Дьюар ыдыстарын, ерітуге қажет қондырғыларды, катетерді, шығын материалдарын, мұздатылған шәуеттерді сатып алуға байланысты, (рәсім 15 күннен 30 күнге дейін созылады) университеттің мемлекеттік сатып алу бөлімі арқылы жүзеге асырылды қолдан ұрықтандыру жұмыстары кеш, тек 2023 жылдың 11 мамырынан басталды. Аймақтарда сиырларда эстралдық циклды тудырудың ең қолжетімді және қарапайым тәсілі эстрофанды бұлшықетке 2,0 мл мөлшерде егу болды.
Бұл жобаның жетекшісі биология ғылымдарының кандидаты, «Акушерлік, хирургия және өсіп өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры Үсенбеков Есенгали Серікұлы, логистикаға жауапты в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Орынханов Қанат Аманжолұлы, мемлекеттік сатып алулар жұмысына жауапты кафедраның PhD докторанты Дюсекенова Нұрсауле Тугелбайқызы. Ұрықтандыру техниктері арасында ұрықтандыру деңгейі жоғары болған мамандар: кафедраның аға оқытушысы Тургумбеков Асет Абдымаратұлы (Жуалы ауданы «Жетітөбе» ауылдық округі), ұрықтандыру технигтер Мухидинов Керімхан (Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округі), Абдукадиров Бекен (Байзақ ауданы, «Қостөбе» ауылдық округі), Рахманкулов Батыр (Байзақ ауданы, «Түймекент» ауылдық округі), Физиев Сулейман (Қордай ауданы, «Жамбыл» ауылдық округі). Сонымен бірге, Кәріқорған ауылының тұрғыны Ибраев Әбдібек Абзақұлына жұмыстың бірінші күнінен бастап белсенді болғаны, ауылдастары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін университет басшылары атынан үлкен алғыс білдіреміз.
Қазіргі уақытта Жуалы ауданы, «Жетітөбе» ауылдық округі, Кәріқорған, Қоңыртөбе елді мекендерінде сиырлар төлдеді, симментал тұқымды бұқалардан бұзаулар алынды, Байзақов ауданы, «Түймекент» ауылдық округінде голштин және симментал тұқымдас бұқалардан бұзау алынды, Қордай ауданы, «Кенен Әзірбаев» ауылдық округінде «Алатау» тұқымды бұқадан, Талас ауданы, «Ойық» ауылдық округінде «Әулиекөл» тұқымдас бұқадан бұзаулар алынды. Ең тиімді жарнама – асыл тұқымды бұқалардан қолдан ұрықтандыру арқылы төл алу, аудан тұрғындары атқарылған жұмыстар үшін ҚазҰАУ ғалымдарына шексіз алғыстарын білдіп жатыр.
Жобаны жүзеге асыру тәжірибесі көрсеткендей, елді мекендерді ұрықтандырушы мамандармен қамтамасыз ету (ұрықтандырушы техниктердің жетіспеуі болды), ұрықтандырушы техниктердің біліктілігінің төмендігі, сиырларды оңтайлы мерзімде қолдан ұрықтандыру (наурыз-мамыр), логистикалық қиындықтар (Дьюар ыдыстарын ай сайын толтыру), мемлекеттік сатып алу рәсімі арқылы шығын материалдарын сатып алу (көп уақытты алады), сиырларды қолдан ұрықтандыру кезеңінде, бұқалар мен бұқашықтарды оқшаулауды қамтамасыз ету (сонымен қатар күрделі мәселе), ауыл әкімдіктерінің қолдан ұрықтандыруды енгізу бойынша белсенділігін төмен болуы (кейбір елді мекендерде іс жүзінде түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді). Осылайша, қолдан ұрықтандыру технологиясын енгізудің тиімділігі көптеген факторларға байланысты. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жеке сектордағы мал басын, шағын және орта шаруа қожалықтарының малдарын генетикалық жақсарту бойынша аймақтық селекциялық бағдарламаны дайындауды, ұрықтандырушы техниктерді даярлауды, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, қолдан ұрықтандыру жобасын жүзеге асыру мерзімі кем дегенде 5-6 жыл болуы керек екенін ескерген жөн, сонда ғана мал өнімділігін арттырудың нақты нәтижелерін алуға болады.
Жеке сектордағы сиырларды қолдан ұрықтандыру жұмыстары Жамбыл облысы әкімдігінің «Ветеринария басқармасы» мен «Ауыл шаруашылығы басқармасы» қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді. Бірлесіп жүргізген жұмыс үшін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлына, «Ветеринария басқармасының» жетекшісі Құрмантаев Нұржас Нұржанұлына және Жамбыл облысы аудандарының аудандық, ауылдық әкімдіктеріне, барлық ұрықтандыру техниктеріне алғысымызды білдіреміз.
«Ветеринария» факультеті «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Усенбеков Е.С.