KazNARU

ТАЛҒАР ҚАЛАСЫНЫҢ 33 МЕКТЕП БІТІРУШІСІ KazNARU-ды ТАҢДАДЫ

Бұл қуанышпен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің кәсіптік бағдар беру жобасы аясындағы кездесу барысында мектеп бітірушілердің өздері бөлісті.

✅ «Талғар қаласындағы №2 орта мектептің 122 бітірушісінің 17-сі, №3 орта мектептің 104 бітірушісінің 16-сы KazNARU қабырғасында білім алып, ауылшаруашылығы мамандықтарын таңдайтындарын айтты. Бұл біздің кәсіби бағдар беру аясындағы жұмыстарымыздың алғашқы нәтижесі. Алдағы уақытта университетімізге келетіндердің қатары өсетініне сеніміміз мол», - дейді «Зооинженерия» кафедрасының профессоры Әділхан Сәмбетбаев.

✅ Талғар қаласына барған кәсіптік бағдар беру топ құрамында KazNARU «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің «Зооинженерия» кафедрасының меңгерушісі, а.ш.д., профессор Ш.Адылканова; а.ш.д., профессор А.Сәмбетбаев; а.ш.к., қауымдастырылған профессор Е.Баймажы; а.ш.к., қауымдастырылған профессор Б.Құлатаев; а.ш.к., қауымдастырылған профессор Р.Қадыкен және факультеттің 2 курс студенттері бар.

✅ Бұл маңызды кездесулерге жергілікті білім басқармалары мен бөлімдері, мектептердің профориентолог мамандары белсенділікпен қолдау көрсетуде. Кездесулер барысында Университет пен Талғар аудандық Білім бөлімі тарапынан ынтымақтастық туралы екіжақты Меморандумға қой қойылды. Қолдау көрсетуші жауапты тұлғаларға Ректордың Алғыс хаттары табысталды.

Мектеп бітірушілерге оқу ордамыз туралы танымдық ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды, қызықты сұхбаттар, тренингтер жүргізілді. Біздің университеттегі білім беру бағдарламаларына деген қызығушылықтарын білдірген талапкерлер үшін 5 наурыз күні аранйы «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.

✅ Профессор Сәмбетбаев Әділхан Әбуұлы бастаған ұстаздар Талғар қаласының №2, №3 мектептерінің бітірушілерін жылы қарсы алып, Вагенинген Институты, Агрохаб, Су Хабы зерттеу орталықтарына, әскери кафедраға, университет жатақханалары мен оқу ғимараттарына және қалалық «Алматы» музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Мектеп бітіруші жастар университет өмірімен, студенттермен жақын танысып, үлкен әсерге бөленгендерін жеткізді.

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник