KazNARU

ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

2024 жылдың наурыз айының 1-шы жұлдызында «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасының докторантары Кайсанова Алия, Калмагамбетова Айғаным, Сейдилдаева Гулхан жетекшілік ете отыра  КД-21-20К тобының студенттерімен 1-наурыз «Алғыс айту» күніне орай мерекелік іс-шараны ұйымдастырды.  Мерекелік іс-шараға «Жер ресурстары және кадастр»  кафедра меңгерушісі Гаухар Каналбековна  және оқытушы-профессор құрамы қатысты.

Іс-шараның мақсаты:

-Ризашылық – адамның  басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі деп студенттерге сыйластықты насихаттау және дұрыс жеткізу мақсатында.

Студенттер тарапынан іс-шараға дайындаған презентация, видео-ролигы және әндермен  профессор-оқытушыларды құттықтады.

Бүгінгі   күнде  мейірім қалай  төгілсе,  алдағы  бар  ғұмырларыңыз  да  дәл  осылай  нұрлана  берсін!  Береке- бірліктеріңіз  тасысын, баршаңызға деген  алғысымыз  шексіз.

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник