KazNARU

Арулар Асыл Жандар !!!

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

2024жылдың наурыз айының 6шы жұлдызында "Жер ресурстарын және Кадастр кафедрасының" 1 курс докторанттары Кайсанова Әлия, Калмагамбетова Айғаным, Сейдилдаева Гүлхан, Рафиков Тимур және КД21-20, ЗУ21-23П, КД 21-14К, КД 21-12К топтарының студенттерімен (Арулар Асыл Жандар) атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, студенттерді мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер, әдемі күйлер мен әуезді әндер, Өзбек халық мен Үнді халқының ұлттық билері және әдемі кештің көркін келтірген Мұқағалидің поэзиясымен  әдемі гимнастикалық қойылым.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник