«ТҮРКСОЙ» БАС ХАТШЫСЫ АЛМАТЫҒА КЕЛДІ
✅Бүгін ҚР Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раевпен кездесіп, екі қоғамдық ұйым арасында ынтымақтастық туралы Меморандум қабылдауға уағдаласты.
✅ Осы кездесуге біз де қатысып, мемлекет және қоғам қайраткері ғана емес, халықаралық қауымдастыққа кеңінен танымал жазушы Сұлтан Әкімұлымен жақынырақ танысып, тілдесудің сәті түсті.
Талантты қырғыз жазушысы, шынында да, әйгілі Шыңғыс Айтматовтан кейін соңғы жылдары жұлдызы жанған санаулы әдебиет өкілінің бірегейі.
Оның «Жанжаза», «Топан» («Потоп») романдары аса талғампаз Еворпа оқырмандарын да мойындатқаны рас. 2016 жылы Швеция астанасын¬да өткен әдеби байқауда топ жарып, Орталық Азия әдебиетінің өкілдіерінен алғашқы болып бас жүлдені қанжығаға байлады.
Англия корольдігінің арнайы шақыруымен Букингем сарайында мәртебелі қонақ атанып, Елизавета ІІ патшайыммен кездесуі жазушы беделінің қаншалықты биік екенін аңғартады.
✅ Өткен жылы «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымына басшы болып сайлана салып, алғашқы кездесуін Алматыда Ұлттық кітапханада қазақ ақын-жазушыларынан бастаған еді.
✅ Енді, міне, Сұлтан Раев сондағы айтқан уәделерін жалғастыру үшін, түркі дүниесіне қатысты руханият саласында үлкен стратегиялық жоспар жасауды қолға алғанын жеткізіп, тағы да қуандырып қойды.