KazNARU

KazNARU-ға ДЖОНБУК ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ (ОҢТҮСТІК КОРЕЯ) ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІГІ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Оңтүстік Корея делегациясының іс-сапар барысында KazNARU басшылығымен жұмыс кездесуі болып, онда тараптар ғылыми-зертету жұмыстарын бірлесе жүргізу, профессор-оқытушылар құрамын, докторанттар, магистранттар мен студенттер алмасу саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті аспектілерін талқылады.

✅ Қонақтарымен кездесу барысында KazNARU Басқарма Төрағасы - Ректордың бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов университет басшылығы өз тарапынан халықаралық агенттіктің сенімді серіктесі болу үшін бар күш-жігерін салатынын атап өтті.

«Бұл бірлескен қадамдарымыз жоғары білім мен ғылымды дамыту, білікті мамандар даярлау саласындағы білім бағдарламаларын жақсартуға ықпал ететініне сенімдіміз. Алдағы уақытта ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою біз үшін бірлескен жұмыстар мен екі тараптың мүдделерін ілгерілету үшін зор мүмкіндіктер ашады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Пірімқұл Шолпанқұлұлы.

✅ Өз кезегінде, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі, қазіргі таңда Джонбук провинциясының Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің президенті Дайсик Ким мырза Джонбук провинциясы мен Қазақстан университеттері арасындағы тығыз ынтымақтастық орнатудың қажеттілігін арттыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Дайсик Ким мырзаның айтуынша, Джонбук провинциясында 14 ЖОО жұмыс істейді, олар өздерінің Экстеншн орталықтары мен ғылыми-зерттеу зертханалары арқылы фермерлер мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына технологиялық қолдау көрсетеді.

Провинцияның өзі Оңтүстік Кореядағы ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін жетекші аймақ болып табылады, онда елдегі негізгі ірі өндірушілері мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындары шоғырланған.

✅ Тараптар бірлескен іс-шараларды, ғылыми-практикалық конференцияларды онлайн/офлайн форматта өткізу бойынша өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындап, өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған Меморандум қабылдауға келісті.

Кездесуге Халықаралық қордың өкілі, Орталықтың мәдениетаралық өзара іс-қимыл бөлімінің қызметкері Ким Сынже мырза және KazNARU проректорлары қатысты.

KazNARU Баспасөз қызметі.

---------Chatbot---------
виртуальный помощник