14 наурыз – КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бұл күнді халқымыз «Амал мерекесі» деп те атайды. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыздың басталуы осы хамал (амал) болып есептеледі.
Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Ал «Наурыз» – «жаңа Күн» деген ұғымды білдіреді.
Адамдар бұл күні бұрынғы өкпе-реніштерін ұмытып, айналасына мейірім мен шуағын төгіп, бір-біріне амандық-саулық, жақсылықтар тілейді. Бұл күні барлық үлкен-кіші жайдары жүруі тиіс.
Көрісу күнінде ешкім арнайы шақырылмайды, жасы кіші адам үлкен кісіге барып, сәлем беріп көрісіп шығады. Бұл дәстүр – осынысымен ерекше!
KazNARU басшылығы баршаңызды ізгілік пен мейірімнің, береке мен бірліктің, ырыс пен молшылықтың мейрамы – Көрісу күнімен құттықтайды.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Бар болыңыздар, нар болыңыздар!
KazNARU Баспасөз қызметі