KazNARU

KazNARU «КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА

KazNARU профессор-оқытушылар құрамынан жасақталған арнайы топтар «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында Алматы қаласындағы мектеп бітіруші жастарымен кездесуді жалғастыруда.

Негізгі мақсат – мектеп бітірушілерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беру, ауылшаруашылығы маманы боламын деген талапкерлерге университет факультеттерінің ерекшелігін таныстыру.

✅ Атап айтқанда, «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасының қызметкерлері – аға оқытушы, PhD Боранбаева Тоғжан Кенжетайқызы Алатау ауданындағы №151 мектепте, қауымдастырылған профессор Қожабергенов Ақылжан Тұралыұлы «Ұлжан-1» ықшам ауданындағы №152 орта мектепте, қауымдастырылған профессор Жамурова Венера Серікбайқызы «Әйгерім 1» ықшам ауданындағы №149 орта мектепте кездесу өткізіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

✅ Сондай-ақ, «Ветеринария» факультетінің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Еспанов Ж.У., Отарбаев Б.К., аға оқытушылар Базарбаев Р.К. Утебаева Г.Н. Алматы қаласының Жетісу ауданындағы №57 жане №43 орта мектептерде болып, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

✅ Кездесу барысында KazNARU әлемдік «QS Asia» рейтингісі бойынша Орталық Азияда үздік жоғары оқу орындары арасында 6-шы орында, «QS Sustainability» рейтингісінде Қазақстан бойынша 5-ші орындағы университет екендігі айтылды.

Сонымен қатар, университет туралы түрлі ақпараттар беріліп, буклеттер мен қосымша материалдар таратылды және қызықты әңгіме, тренингтер жүргізілді. Жас өрендер агросаланың жаңғырған мамандықтарына өте қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

✅ Егер, жас түлектер KazNARU мен шет елдік озық университеттерде қатар оқып, екі дипломға ие болғылары келсе, есігіміз әрқашан ашық!

Аграрлық мамандықтарды таңдау арқылы жастар үлкен өмірге жолдама алады және өздері армандаған жетістіктерге жете алады!

KazNARU Баспасөз қызметі

 

---------Chatbot---------
виртуальный помощник